AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Вакцина миллиондаған адамның өмірін сақтайды

Вакцина миллиондаған адамның өмірін сақтайды

Керек кеңес 29.04.2024, 08:20 1,521 Нұржамал ӘЛІШЕВА
Вакцина миллиондаған адамның өмірін сақтайды
almaty-akshamy.kz

Жыл сайын әлемде сәуірдің соңында Дүниежүзілік иммундау апталығы өтеді. Елімізде 24-30 сәуір аралығында өтіп жатқан аталмыш апталықтың биылғы ұраны: «Бәріміз ұзақ өмір сүрейік!». Осы орайда мегаполистегі Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Республикалық аллергология орталығының басшысы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас аллерголог-иммунологы Арай Батырбаева вакцинацияның аурулардың алдын алуда және өмірімізді қорғаудағы рөлі туралы айтып берді. 



  • Вакцинация – адам ауру қоздырғыштарымен байланысқа түскенге дейін аурудан қорғаудың қарапайым, қауіпсіз және тиімді әдісі. Ол бірқатар жұқпалы ауруларға төзімділікті қалыптастыру үшін организмнің табиғи қорғаныс механизмдерін қолданады және иммундық жүйені күшейтеді. 

  • Вакциналар иммундық жүйені арнайы антиденелер шығаруға үйретеді. Олардың құрамында белгілі бір аурудың қоздырғыштарының – оның асқыну қаупін тудырмайтын вирустардың немесе бактериялардың тек әлсіреген түрлері бар. Олар өмір бойы қорғайды. 

  • Вакциналар аурудың қоздырғышына қарсы иммунитетті қалыптастыру үшін табиғи қорғаныс механизмдерін белсенді ету арқылы ауру қаупін азайтады.

  • Вакцинация ағзаның иммундық реакциясын тудырады. 


Дәрігердің айтуынша, қазіргі заманда жұқпалы аурулар шекарадан оңай өтіп, оны иммунитеті жоқ кез келген адам жұқтырып алуы мүмкін. Вакцинация өзіңізді және айналаңыздағы жандарды қорғауға мүмкіндік береді. Кез келген адам екпе салдыра алады. Бірақ белгілі бір аурулары бар адамдарға кейбір екпелерді салуға болмайды немесе кейінірек салдыруына болады. Бұл ауруларға: созылмалы аурулар немесе емдеу курстары (мысалы, химиотерапия); вакцина компоненттеріне аллергиялық реакциялар; вакцинация кезіндегі ауыр аурулар жатады.


Екпелер бірқатар кеселден қорғайды, соның ішінде: жатыр мойны обыры, В гепатиті, тұмау, қызылша, менингит, көкжөтел, пневмония, полиомиелит, құтыру, желшешек және т.б. ДДҰ бағалауы бойынша, тек балаларға арналған вакциналар жыл сайын 4 миллионнан астам адамның өмірін сақтайды.
Лицензияланған барлық екпе қауіпсіз және олардың бәрі мұқият зерттеу, тексеруден өткен. Вакцина сізді және жақындарыңызды инфекциялардан қорғайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#адам #вакцина #өмір
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы жұлдызды кеш: Solana Fest әлемдік артистерді бір сахнада тоғыстырды

Бүгін 11:35

Алматы кітапханасында Ілия Жақановтың сазды әндері шырқалды

Бүгін 11:19

Алматыда автобус жолақтары мен веложолдар желісі кеңейтіліп, бірқатар көшеде біржақты қозғалыс енгізіледі

Бүгін 11:11

Алматыда «BIR TOLQYNDA» жобасы аясында жастармен ашық диалог өтті

Бүгін 11:09

Алматы әкімдігі Горький атындағы орталық саябақтағы 5 гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарады

Бүгін 11:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);