AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Вackstreet boys Алматыда: Орталық стадионда не бол...

Вackstreet boys Алматыда: Орталық стадионда не болып жатыр? (суреттер)

Барлығы 19.09.2025, 13:09 594 Дина
Вackstreet boys Алматыда: Орталық стадионда не болып жатыр? (суреттер)
сурет: aqshamnews.kz/Нұрбол Ынтымақұлы

Әйгілі америкалық жұлдызды топ Backstreet Boys Алматыда Орталық стадионда өнер көрсетеді. Дәл қазіргі атмосфера қандай? Aqshamnews.kz тілшісінің материалында. 

Түрлі елден келген жанкүйерлер стадион маңына жиналып жатыр

Жанкүйерлер концерт басталмай жатып, жиналып үлгерген. Олар сүйікті әншілерін асыға күтіп, ерекше көңіл-күйде жүргендерін жеткізді. Көпшілігі сүйікті топтарының логотипі бар мерч киіп, әндерінің сөздерін бірге айтып, естелік суреттерге түсіп жатыр.

Дайындық қалай?

Жиында еріктілердің жұмысына да арнайы тоқталды. Қалалық жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Қажденбектің айтуынша, концертке 200-ге жуық ерікті тартылады. Олар тек 18 жастан асқан жастардан іріктеледі, әрқайсысына тегін тамақтану талондары беріледі.

Полиция ескертуі

Концертте қоғамдық тәртіп ескерусіз қалмайды. Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Backstreet Boys тобының концерті кезінде қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шамамен 2,5 мың полиция қызметкері жұмылдырылады.

Мерекелік кешке келушілер саны көп болғандықтан, полицияның кешенді күштерінің кезекшілігі күшейтіледі. Әсіресе қоғамдық тәртіпті сақтау, құқықбұзушылықтардың алдын алу және көлік ағынын реттеуге ерекше көңіл бөлінеді. Арнайы көліктердің кедергісіз өтуін қамтамасыз ету және кептелістердің алдын алу мақсатында Абай даңғылы – Байтұрсынов, Мұқанов және Сәтпаев көшелерінің шекарасындағы көлік қозғалысы ішінара шектелуі мүмкін.

Алматы қалалық полиция департаменті қала тұрғындарын осы ақпаратты маршрут жоспарлау кезінде ескеруге, қоғамдық тәртіпті сақтауға және полиция қызметкерлерінің нұсқауларына құлақ асуға шақырды.

Іс-шара өтетін жерде өрт қауіпсіздігін Алматы гарнизонының екі өрт сөндіру бөлімінің күші мен техникасы қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, Департамент басшылығы – Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Канин К.Л. және Бостандық ауданының ТЖ басқармасы бастығы Елебеков Е.С. бақылауды жүзеге асырады.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#орталық стадион
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда «Biken Fest» IV халықаралық театр фестивалі өтеді

Бүгін 19:09

«Ән іздеген Асанқайғы»

Бүгін 19:08

Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Бүгін 17:28

Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Бүгін 15:51

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Бүгін 15:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);