AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Үздік ғалымдарға сыйлық беру ережесі өзгерді

Үздік ғалымдарға сыйлық беру ережесі өзгерді

Білім және ғылым 17.11.2022, 10:04 1,583
Үздік ғалымдарға сыйлық беру ережесі өзгерді
Сурет: Adyrna.kz

Конкурсқа құжат қабылдау мерзімі 20 күнге дейін қысқартылды.


Бұйрық 2022 жылғы 26 қарашада күшіне енеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2022 жылғы 2 қарашадағы бұйрығамен «Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығын беру қағидасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.


Атап айтқанда, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 күннен 20 күнге дейін қысқартылды.


Сондай-ақ құжаттары мемлекеттік құпияларды немесе «Қызмет бабында пайдалану үшін» және «Құпия» деген белгісі бар таратылуы шектеулі қызметтік ақпараттарды қамтитын үміткерлер оларды мемлекеттік құпиялар туралы заңнамада белгіленген тәртіппен уәкілетті органға ұсынады.


Сыйлық беруге үміткердің ғылыми жетістіктерін бағалау мынадай көрсеткіштерді қамтиды:


Қазақстан Республикасында танылған ғылыми дәреженің болуы;


уәкілетті орган берген ғылыми атағының болуы;


таңдалған ғылыми бағыт бойынша ғылыми жобалар мен бағдарламаларға басшылық ету;


таңдалған ғылыми бағыт бойынша ғылыми нәтижелер мен (мақалалар немесе шолулар, отандық және шетелдік монографиялар, монографиядағы тарау, патенттер, енгізулер және т.б.) оның сапалы болуы;


таңдаулы ғылыми бағыт бойынша беделді халықаралық рецензияланатын журналдарда жетекші шетелдік ғалымдармен бірлескен авторлықпен мақалалардың болуы;


соңғы жылы ЖЖОКБҰ-да кемінде бір пәнді немесе бірнеше пәндерді оқыту;


философия докторы (PhD) немесе сала докторы ғылыми дәрежесін алған кадрларды дайындау;


өндіріске енгізу үшін ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің расталған нәтижелері;


ғылыми зерттеулердің сапасын, нәтижелілігін және әсерін арттыруға бағытталған қоғамдық жұмыс.


Сонымен қатар бұйрықта сыйлық бір адамға келесі он жыл ішінде бір реттен артық берілмейтіні, соңғы он жылдағы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегерлері бұл конкурсқа қатыспайтыны жазылған.


Үміткерлер комиссияның шешіміне Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген тәртіппен шағымдана алады.




 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сыйлық #ереже #ғалым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі AMANAT партиясы алаңында тұрғындарды қабылдады

Бүгін 22:16

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды қарсы алды

Бүгін 20:42

Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Бүгін 19:02

Үнемшілдік - үлкен мәдениет

Бүгін 18:52

Алматыда кәсіпкерлермен жаңа экологиялық талаптар талқыланды

Бүгін 18:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);