Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / «Үт» келді, құт келді...

«Үт» келді, құт келді...

Керек кеңес 24.02.2022, 03:33 3,695
«Үт» келді, құт келді...
park72.ru

Алғашқы жылымық, терезеден шуақты сәуле түсетін кез осы. Бұл - жер-әлемді нұрға бөлейтін наурыз айының алғашқы нышаны.


«Күштің айы» атанған үштің айының (ақпан) бітуіне төрт күн қалды. «Білмесең – білдірем, білсең – бүлдірем» деген ақпан ақырындап жылыстап барады. Бірер күн бұрын жауған қардың бетті қаритындай ызғары да қалмаған. Жұлдыздар қимылына қарағанда, Алматыда құлақ үситіндей суық болмайтын сыңайлы. Сиыр жылы тарих қойнауына еніп барады. Ал Барыс болса, асығар емес. Қыс тоқсаны (оңтүстікте тоқсан күнге созылады) наурыздың 13-14-іне шығатынын ескерсек, әлі де сақтанған абзал.


Өткенде Үркердің ауғанын, күннің аздап жылынуына соның әсері болғанын айтқанбыз. Бұрынғылардың табиғат тылсымын күні бұрын болжауында Үркердің орны ерекше. «Үркер шаңырақтан көрінсе, үш ай тоқсан қысың бар, ел жатқанша үркер жамбасқа келсе, жаз шықпағанда несі бар» деп тәмсілдеген бабаларымыз. Үркер күз басында іңірде шығыстан, қыс басында іңірде төбеден, көктем басында іңірде батыстан көрінеді. Үркер төмендеген сайын күн жылынады. Үркер төмендегенде (мамыр, маусым айларында көзден тасаланып, қырық күн көрінбегенде ) ауа райы жылынып, көк қаулап шығады. Жазда Үркердің түнде көрінбейтін cебебі сондықтан.



«Ақпан алдамшы. Бір бүйіріңді қыздырса, екінші бүйіріңді мұздатады. Бір қолымен маңдайдан сипап, екіншісімен маңдайдан шертеді. «Жақсылығына барса – құт, жамандығына барса – жұт». Тұрақсыз: кейде аяздың беті қайтып, сынады, кейде аспан түнеріп, жапалақтап қар жауады. Оның бұрқасынды да, шуақты күндері алма кезек...» Бұрынғылар өтіп бара жатқан ақпан айы туралы осылай деген.



Ақпанның басы «Ақпан» амалымен басталып, соңы Үт (Ұтты) амалымен бітеді. «Ақпанның он бесінші жұлдызы – қыс пен көктемнің алғаш ұшырасатын күні. Осы күнгі ауа райы қандай болса, көктем де сондай болады» деп жорамалдаған қазақ жұлдызшылары. 15 ақпанда қар жауды. 16-сы күні күн ызғырық болды, аспан ашылмады. Қазір қауіпті амалдардың бірі – «Үт амалы» жүріп жатыр. Үт сөзі туралы әртүрлі әңгіме бар. Негізі, қазекең «үт» деп саңлаудан түскен сәуленің ішіндегі қозғалып жүрген есепсіз тозаңды айтқан. Ол - күннің жылынатынын, табиғаттың өзгеретінін, шуақты күндердің жақын екендігін білдіретін тозаң.



ТАБИҒАТ ҚҰБЫЛЫСТАРЫНА ҚАРАП ЖАСАЛҒАН ЖОРАМАЛ


* Қыс қарсыз болса, жаз қуаң болады. Жер көлкілдеп, ылғал молайса, жазда жер отты болады.


* Дала қарлы болса, келер жазда жер нәрлі болады.


* Алқап қалың қар жамылса, көкекте көл суға толады.


* Екі аралықта қар жауса, көктем жаңбырлы болады.




Қолданыстағы күнтізбе бойынша, бүгін ақпанның 24-і. Ай есебінше, 20- сы. Ал қазақша, айдың 10-ы. Сөз етіп отырған аптамыз айдың басы мен ортасына және соңғы аптасына сәйкес келіп тұр. Бұл ауа райында болатын өзгерісті аңғартса керек. Алдағы аптада ауа райы тұрақсыз болатын сыңайлы: ашық күн де, жауын-шашын да көрініс беруі ғажап емес. Таңертең болмашы ызғар, түнге қарай айтарлықтай суық орын алады...

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ақпан #табиғат #болжам
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Алатау-Ақпарат» пен «Қызылжар-Ақпарат» арасында меморандумға қол қойылды

Бүгін 18:16

Алматы мен Үндістан бизнес және инвестициялық байланысты күшейтпек

Бүгін 18:01

Алматыдағы Сәтбаев көшесі халықаралық стандарттарға сай жаңартылады

Бүгін 17:42

Алматылық спортшы Түркияда өткен халықаралық турнирде жүлдегер атанды

Бүгін 17:32

Астанада Перизат Қайратқа тиесілі болған көлік аукционға қойылды

Бүгін 16:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика