AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Үстел теннисінен ардагерлер чемпионаты өтті

Үстел теннисінен ардагерлер чемпионаты өтті

Спорт 29.04.2024, 05:13 930 Нұржамал ӘЛІШЕВА
Үстел теннисінен ардагерлер чемпионаты өтті
almaty-akshamy.kz

Алматыдағы Ұлттық ұланның 3650 әскери бөлімінің спорт залында Отан қорғаушылар күніне орай үстел теннисінен ардагерлер арасында ашық турнир өтті. Құқықтық тәртіп әскері ардагерлерінің арасында ұйымдастырылып отырған жарысқа 18 спортшы ардагер қатысты.  Олар жас ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөлініп, өзара кім мықтыны анықтады.


«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы ардагерлер кеңесінің төрағасы Асатулла Құлахмедовтың айтуынша, турнирді өткізудегі мақсат – орын алу емес, өскелең ұрпаққа үлгі болу, ардагер спортшылар сапасын жақсарту, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Сондай-ақ үстел тенисінің жасқа шектеу жоқтығын көрсете отырып, бұл спорт түрін насихаттау.


Қазіргі кезде ардагерлеріміз жастарымызды отансүйгіштікке, адамгершілік пен рухани тұрғыдан тәрбиелеу жолында өз үлестерін қосып келеді. Бүгінгі турнир ардагерлер мен Ұлтық ұлан әскери қызметшілері арасындағы байланысты одан әрі нығайтудың дәлелі іспетті.



Айта кетейік, елде қарқынды дамып келе жатқан спорттың бірі – үстел теннисі. Бұл нағыз бұқаралық ойын. Әрі әр жастағы адамдар үшін қол жетімді. Қимыл қозғалыстың тездігі, шабуылдардың шапшаңдығымен, техникалық қиыстырулардың кенеттілігімен оқиғалардың әсерлілігімен өзіне қатты қызықтырады.




Ойын кезінде ойыншы жалынды, жігерлі күшпен бірге дене қозғалысына қосымша күш береді.
Жарысқа қатысушы ардагерлер арасында ең егде тартқан шағын ракетка шеберлерінің жасы 85-ті құрады. Турнирге қатысушылар жоғары деңгейдегі шеберлік пен спорттық рухты көрсетті. 


Тартысты өткен сайыс қорытындысы бойынша үздік ойын өрнегін көрсеткен 60 жасқа дейінгі ардагер теннисшілер арасында I орынды Руслан Тыныбаев, II орынды Жандарбек Бимұрзаев, III орынды Икрам Мамедов жеңіп алды. Ал 60 жастан жоғарғы «Ауыр артиллерия» арасында I орынды Берік Алмағамбетов, II орынды Исмаил Абизов, III орынды Еркош Көлбаев иеленді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ардагер #теннис #денсаулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы Gault&Millau-мен бірге өңірдің жаңа гастрономиялық астанасына айналып келеді

Бүгін 12:36

Көкшетауда көлік әйелді басып өлтірді

Бүгін 12:31

Бүгін – Аналар күні

Бүгін 11:14

Бәйтерек маңында ерсі суретке түскен студент жазаланды

Бүгін 10:37

Қазақстандықтар 2026 жылы қанша күн демалады?

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);