Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Ұстаз деген барлығынан жақсы адам

Ұстаз деген барлығынан жақсы адам

Білім және ғылым 05.10.2024, 14:11 2,027
Ұстаз деген барлығынан жақсы адам
Алматы қаласы әкімдігі

Бүгін Алматыдағы Республика сарайында Ұстаздар күніне арналған салтанатты шара өтті.

Алматы қаласының әкімі мұғалімдерді кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Мерекелік жиынға қаламыздың әртүрлі мектептерінде білім беріп жүрген 24,1 мың ұстаздың арасынан еңбек ардагерлері, ұстаздық әулет өкілдері, жас ұрпаққа білім беріп жүрген мұғалімдер қатысты.

Алматы әкімі Ерболат Досаев ұстаздардың еңбегін, жас ұрпақ тәрбиесіндегі үлестерін жоғары бағалап, ризашылығын білдірді:

- Құрметті ұстаздар, Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Мағжан Жұмабаевтың: «Алты Алаштың басы қосылса, төрдегі орын – мұғалімдікі» деген сөзі ұстаздың қоғамдағы мәртебесін жоғары бағалап көрсетеді, - деді ол. Бүгінгі мерекеде баршаңызға шын жүректен алғыс айтамын. Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз, төзімділіктеріңіз және ісіңізге адалдығыңыз - біз үшін үлкен мақтаныш. Шәкірттеріңіздің жетістігі қуанта берсін, дендеріңізге саулық, өмірлеріңізге бақыт, сарқылмас күш-қуат тілеймін!

Әкім сөзін жалғай отырып, ұстаздық кәсіптің мәртебесін арттыруға бағытталған бастамаларды қолдау және дамыту жұмыстарының жалғасып жатқанын айтты. Ол биыл 440 ұстаз біліктілікті арттыру бағдарламасынан өтетінін атап өтті. Сонымен қатар, 40 директор мен әдіскер жыл соңына дейін Малайзия, Қытай, Германия және Польша елдеріндегі жетекші білім беру мекемелеріне тағылымдамадан өтуге аттанады.
«Алматы мектептері» бағдарламасы аясында 70 ұстаз Marshall Cavendish сертификатталған бағдарламалары бойынша оқып, оқушылардың функционалды сауаттылығы мен цифрлық дағдыларын дамытуда. Бұған қоса, 300 педагог шетелде білімдерін жетілдіріп, 50 мұғалім осы жылдың соңына дейін Оңтүстік Кореяда халықаралық тағылымдамадан өтеді.

Әкім Ерболат Досаев сөз соңында «Алматы ұстазы» қалалық байқауының жеңімпаздарын марапаттады. Конкурсқа қатысқан 2 мың ұстаздың арасынан үздік деп танылған 7 педагог шетелде тағылымдамадан өту сертификатымен марапатталды, ал Гран-при иегері Ернұр Бейсембаев 5 миллион теңге көлеміндегі сертификатқа ие болды.


«Үздік білім беру ұйымы» атағы Алмалы ауданының №15 гимназиясына берілді. Алматы әкімі мектеп директорына білім беру процесін жақсарту үшін 68 миллион теңге көлеміндегі грант табыс етті.

Сонымен қатар, 5 еңбек ардагері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен және қала әкімінің білім саласының дамуына қосқан ерекше үлесі үшін алғыс хаттарымен марапатталды.

Салтанатты шараның сәнін опера сахнасының жұлдыздары мен танымал эстрада орындаушыларының өнері келтірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әкім #мұғалім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика