AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ұшақта орын алған инфаркт: ер адамға ұшақ қонған с...

Ұшақта орын алған инфаркт: ер адамға ұшақ қонған соң шұғыл ота жасалды

Әлеумет 21.08.2024, 11:30 1,755 Нұржамал ӘЛІШЕВА
Ұшақта орын алған инфаркт: ер адамға ұшақ қонған соң шұғыл ота жасалды
aqshamnews.kz

Алматыдан Атырауға ұшқан ұшақ көтерілгеннен кейін 15 минуттан соң әуежайға оралды: жолаушылардың бірі жедел миокард инфарктын алған.

Ұшақ жерге қонғаннан кейін ер адам жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылып, шұғыл түрде Алматы №4 қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді.

«Науқастың жағдайы өте ауыр деп бағаланды, кардиогендік шок орын алып, қан қысымы төмендеді, қатты ентігу, ауырсыну байқалды. Оған шұғыл жасалған коронарлық ангиографияда үш тамырдың зақымданғаны анықталды. Жүрек қанмен үш негізгі артерия арқылы қамтамасыз етіледі. Екі коронарлық артерия, оң жақ коронарлық артерия және орай жанаспа артерия толығымен жабылған. Алдыңғы қарынша аралық артерияның тарылуы 96% болды. Былайша айтқанда, жүректің қанмен қамтамасыз етілуі 4% ғана болды. Мұндай жағдайда ашық аорта-коронарлық шунттау отасын жасау қажет. Сондықтан науқасты көпбейінді тексеруді, Алматы Қалалық кардиологиялық орталық мамандарымен кеңейтілген консилиум ұйымдастырдық. Науқасты ашық ота жасау үшін басқа ауруханаға ауыстыру керек деп шешілді. Бірақ 1-1,5 сағат ішінде науқаста айқын жүрек жеткіліксіздігі пайда болып, оны басқа ауруханаға жеткізу үлкен қауіп туғызды. Алдыңғы қарыншааэ аралық артерияға стент қоюдан басқа амал болмады. Стенттеу сәтті орындалды. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы қанағаттанарлық, үш күн жансақтау бөлімінде жатты», - дейді №4 қалалық клиникалық аурухананың рентген-эндоваскулярлық хирургия және кардиология бөлімінің меңгерушісі Асқар Нарынбаев.


 
«Алтын сағат» принципі бойынша дұрыс қабылданған шешімдер тізбегі: ұшақты қайтару, тасымалдау кезінде ауруханаға дейінгі кезеңде жедел медициналық көмек бригадасының кәсіби іс-әрекеті және №4 қалалық клиникалық аурухана жағдайында шұғыл хирургиялық араласу арқасында науқас аман қалды.

«Бұл жағдайда борт кері қайтарылмағанда, Атырауға ұшу уақыты үш сағат және осы үш сағат ішінде кез келген уақытта жүрек тоқтап, науқас қайтуы мүмкін еді», - дейді №4 қалалық клиникалық аурухананың рентген-эндоваскулярлық хирургия және кардиология бөлімінің меңгерушісі Асқар Нарынбаев.

Ер адам отадан айығып, оңалтуды жалғастырады. Жансақтау бөліміндегі үш күн және кардиологтардың жіті бақылауындағы бір апта артта қалды. 2024 жылдың 13 тамызы Жақсылық Иғжановтың екінші туған күні. Айтпақшы ол да ұшқыш, зейнеткерлікке шыққанша шағын авиацияда жұмыс істеген. Командирдің ұшақты әуежайға қайтару шешімі арқасында Жақсылық аман қалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ұшақ #дәрігер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласында «AMANAT» партиясының «QAISAR» партиялық жобасы аясында «Сарбаз болғым келеді» атты әскери-патриоттық акция өтті

Бүгін 10:15

Алматыдағы автопарктердің бірінен катализаторсыз автобустар анықталды

Бүгін 09:48

Такси жүргізушілері нені білуі тиіс?

Бүгін 09:21

Әкімдіктен Үкіметке

Бүгін 09:02

Халықаралық білім беру корпорациясының әскери кафедрасында студенттердің әскери ант қабылдауына арналған салтанатты рәсім өтті

Бүгін 08:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);