Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Үш күнде 43 мас жүргізуші ұсталды: Алматыда рейд к...

Үш күнде 43 мас жүргізуші ұсталды: Алматыда рейд күшейтілді

Заң мен тəртіп Бүгін 14:10 33
Үш күнде 43 мас жүргізуші ұсталды: Алматыда рейд күшейтілді

Алматыда түнгі уақытта қауіпті жарыс ұйымдастыратын жүргізушілер көбейген. Осыған байланысты полиция жол қозғалысы ережесін бұзғандарға қолданылатын жаза түрлерін еске салды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда кейінгі уақытта жүргізушілердің түнгі жарыс ұйымдастыру фактілері жиілеген. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, осыған байланысты жолдарда жергілікті рейдтік іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Тек кейінгі үш күннің өзінде қала көшелерінде жол қозғалысы ережесін бұзудың 5 мыңнан астам дерегі анықталған. Көлікті мас күйде немесе есірткіге масаң күйде басқарған 43 жүргізуші ұсталып, барлығы да көлік басқару құқығынан шеттетілген. Сонымен қатар 369 адам көлікті тиісті құжатсыз тізгіндеген. Ал 94 автокөлік арнайы айыптұраққа қойылған.

Полиция қауіпті жүргізу деректері, соның ішінде түнгі жарыстар да тоқтатылғанын мәлімдеді. Бұдан бөлек, жылдамдықты шамадан тыс асырудың 2 мыңнан астам жағдайы тіркелген.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, кейбір жүргізушілер жол ережесін бұзған сәтін әдейі видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктейді. Алайда мұндай әрбір жағдай бақылауға алынып, заң бұзушылар анықталып, жауапкершілікке тартылады.

Сондай резонансты оқиғалардың бірі әл-Фараби даңғылында болған. Онда жүргізуші көлігін сағатына 250 шақырымға дейін үдеткен. Полиция оның жеке басын жедел анықтап, ұстаған. Оған бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық бойынша хаттама толтырылып, сот шешімімен 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынған.

Полиция қауіпті жүргізу орны толмас салдарға әкелуі мүмкін екенін ескертіп, жүргізушілерді жол қозғалысы ережесін қатаң сақтауға шақырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақ қызы Бангкок төрінде бас жүлде жеңіп алды

Бүгін 15:22

Алматылық спортшылар үстел теннисінен Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды

Бүгін 15:17

Алматыда Жароков көшесінің бір бөлігінде жол жабынын қалпына келтіру жұмыстары басталады

Бүгін 15:15

Алматыда 380 мың шаршы метрден астам аумаққа гүл егіледі

Бүгін 15:13

Тоқаев паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты “Барыс” орденімен марапаттады

Бүгін 14:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика