AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ұрпаққа өнеге

Ұрпаққа өнеге

Әлеумет 05.05.2023, 03:10 1,385
Ұрпаққа өнеге
Сурет: Policia.kz

Соғыс ардагерлері мен бүгінгінің батырлары туралы жаңа кітап шықты


Ішкі істер министрлігінің мұражайында «Ұлы дала батырлары» деп аталатын жаңа кітаптың тұсауы кесілді. Ол екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен майдангерлер мен бүгінгі бейбіт заманның батырларына арналған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Анықтамалық-энциклопедиялық жинақ «Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұланның қазақстандық ардагерлер ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің бастамасымен, сонымен қатар ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың қолдауымен жарыққа шықты. Шараға әйгілі ғарышкер, Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров пен бұрынғы ішкі істер министрі, Халық қаһарманы Қайырбек Сүлейменов қатысты.



«Бұл – келесі ұрпаққа зор өнеге. Осындай ерліктің арқасында, осындай азаматтардың арқасында егемендікті алып, бүгін үлкен бір жарқын мемлекет болып, дамып жатырмыз. Мен өз атымнан, сондай-ақ әріптестерімнің атынан соғыс ардагерлеріне, Халық қаһармандарына тағзым етіп, осыны бастаған үлкен ұжымға алғысымды білдіргім келеді», - деді министр Марат Ахметжанов.



Халқымызға бейбіт күндерді сыйлаған батырлардың өмірінен сыр шертетін кітаптың тұсауын кесу мәртебесі құрметті қонақтарға берілді.


«Біздің Ұлы дала батырларын ұмытпай, еске алып, тарихты жинап, кітап шығарғандарыңызға рақмет!» - деді Тоқтар Әубәкіров.


«Мұндай кітаптар бірінші кезекте біз үшін емес, жастарымыз үшін, жеке құрам үшін және жалпы мемлекетіміздің жас буынына арналады», - деп атап өтті Халық қаһарманы, генерал-полковник Қайырбек Сүлейменов.


Шара барысында ІІМ ардагерлер ұйымының төрағасы Өмірзақ Болсамбеков ведомство мұражайына тарихи энциклопедияны сыйға тартты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ардагер #кітап #жеңіс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Іле ауданында Президент Жолдауындағы басым бағыттар талқыланды

Бүгін 12:46

Ақтөбеде Президент Жолдауының басым бағыттары талқыланды

Бүгін 12:42

Жолдау жүктеген міндет: Білім саласының өзекті мәселелері талқыланды

Бүгін 12:34

«Халықтық құрылыс» жобасы аясында 100 мың жұмыс орнын ашу жоспарланған

Бүгін 12:30

Үкімет Президент Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын мақұлдады

Бүгін 12:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);