AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Ұрланған телефондар неге табылмайды? Депутаттар да...

Ұрланған телефондар неге табылмайды? Депутаттар дабыл қақты

Билік 14.10.2025, 11:00 524 Сұлу
Ұрланған телефондар неге табылмайды? Депутаттар дабыл қақты
depositphotos.com

Кеше Үкімет сағаты Ішкі істер министрлігінде өтті. Депутаттар ішкі істер министрі Ержан Сәденовке бірнеше сауал жолдады, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

"1,5 млн камерамыз бар, 58 пайыз қылмыс ашылды деп оттырсыз. Қарапайым сұрақ: неге жоғалған, ұрланған смартфондар табылмайды? Бір жарым жыл болды, Есіл ауданы полиция бөлімшесінде менің арызым жатыр. Жарайды, мені қойшы, жалпы қарапайым халық смартфонын жоғалтып алады. Жай ғана телефонымызды таба алмай жатқанда, жоғары, жаһан мәселелерін айтқан қызық көрінеді екен", - деді Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза.

Самат Нұртазаның өкпе-назын әріптестері де жалғап кетті. Мәжілісмен Бақытжан Базарбек Ақтөбеде жәбірленушіден миллион теңге сұраған полицей мен Шымкентте боди-массаж студиясын қанатының астына алып қорғаштаған тәртіп сақшасын мысалға келтірді.

"Халықтың полицейлерге деген сенімін арттырамыз деп, біз мында шапқылап жүргенде, өңірлерде түрлі масқараны көріп жатырмыз. Мәселен, Жетісу облысында заттай дәлел болған 24 миллион теңгені тәртіп сақшысы қолды қылған. Шымкент шаһарында полицейлер боди-массаж жасайтын жын-ойнақ салонды өздері билеп-төстеп, ешкім тимейтіндей қорғаштап жүріпті", - деді Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек. 

"Үзеңгілестерінің атына кір келтіріп, тұтас қазақ полициясын жаман атты қылатындармен әңгіме қысқа деген сөзін" бүгін министр Сәденов тағы қайталады. Айлық та 30 пайызға өсті, сондықтан артық қылтың-сылтыңды қойып, полицейдің бар назары жұмыста болуы керек. 

Ержан Сәденов әріптестеріне погондағы жұлдыз саны өскен сайын, қызметтегі жалақысы да, лауазымы да жоғарылайды деді. Тек барлығына шыдам керек. Ал лауазымын асыра сілтеп пайдаланып, "полицей" деген атты кірлеткендер жұмыстан қуылады, қала берді жасаған тірлігіне өкінетін болады деді жауапты шенеунік.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#депутат #телефон #ІІМ #ұрлық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы бокстан әлем кубогында 7 медаль жеңіп алды

Кеше 18:58

Қазақстандық курсанттар математикадан ТМД олимпиадасында күміс жүлдегер атанды

Кеше 18:54

Елордалық джиу-джитсу шеберлері Францияда топ жарды

Кеше 18:48

ІІМ қызметкері стритлифтингтен Азия чемпионы атанды

Кеше 18:44

Атырау әкімінің орынбасары Марат Мурзиев каратэден әлем чемпионы атанды

Кеше 18:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика