AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы құшағында / Ұрланған мүлікті ешкім меншіктей алмайды

Ұрланған мүлікті ешкім меншіктей алмайды

Алматы құшағында Бүгін 00:53 39 Қуаныш

«Тәртіпке бағынған құл болмайды» деп халқымыздың біртуар батыры Бауыржан Момышұлы айтқандай, әр азамат тәртіпке бас иіп, заңды сыйласа өркениетті қоғам орнайды. Мұндай жағдайда ешкім-ешкімге зиянын тигізбейді, мүлкіне қол сұқпайды, яғни, қылмыстың жолы кесіледі. Біздің Конституциямыз бен заңдарымыз құқықтық  мемлекет құруға бағытталған. Мәселен, меншікке заңмен кепілдік берілген, соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды. Жеке меншік пен мемлекеттік меншік бірдей қорғалады. Осыған орай, әрбір адам өз меншігіндегі мүлікті иеленіп, пайдалануға құқылы. Сол себепті, иелік ету құқығын бұзып, меншік иесіне мүліктік зиян келтіру, қауіп-қатер жасау меншікке қарсы қылмыс болып табылады. Өйткені, адамның әлеуметтік игіліктерінің ішіндегі ең маңыздысы меншікке құқық. Ел азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншікте ұстай алады. Меншікті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау қылмыстық заңдармен реттелген. Яғни, меншiкке қарсы құқық бұзушылықтардың түрлері, оларға тағайындалатын жаза мөлшері Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексімен бекітілген.

Қолданыстағы қылмыстық заңда қылмыстың бірнеше түрі, атап айтқанда, ұрлық, тонау,қарақшылық, алаяқтық, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, т.б.көрсетілген. Қылмыстың бұл түрлері ұқсас құрамдардан өз ерекшелігімен ажыратылады. Мүлік иеленушісіне залал келтіру немесе залал келтіру қауіпін тудырумен байланысты абайсызда, қасақана жасалған іс-әрекеттер меншікке қарсы қылмыс саналады. Барлық уақытта меншікке қарсы құқық бұзушылықтар  қылмыстық құқық бұзушылықтардың басым бөлігін құрағанын ақпарат көздері растайды.

Меншікке қарсы жасалған әрбір қылмыс қоғамға қауіпті. Қылмыстық заңда бөтеннің меншігіне қылмыстық құқық бұзушылықпен қол сұғу жауаптылық меншік қатынастарына қол сұғу тәсілдеріне байланысты дараланып бөлінеді. Мысалы, меншікке қарсы қылмыстардың ішіндегі ең көп тарағаны ұрлық. Ұрлаған адам мүлікке өз меншігіндей билік жасағанымен, заң жүзінде ол меншік иесі бола алмайды.

2019 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңымен  мал ұрлығына қатысты жаза барынша қатаңдатылды. Соған орай айтсақ, бөтеннің малын ұрлағандар Қылмыстық кодекстің188-1-бабына сәйкес, мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiн айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, бес жылға дейiн бас бостандығынан шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Алдын ала сөз байласу арқылы мал ұрлаған қылмыстық топ пен ірі мөлшерде мал ұрлағандарға  бұдан да ауыр жаза қолданылады. 188-баптың 3 бөлігімен жасалған қылмыстарда мүлкiн тәркiлеу, екі жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазалар көзделген.

Меншікке қарсы қылмыстардың көпшілігінде материалдық құрам бар, тек қарақшылық, бопсалау және автомобильді немесе басқа көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену түрлері формальды құрам болып табылады. Аталған қылмыстарда заңда белгіленген жасқа жеткен, ақыл-есі дұрыс адам субьект бола алады және мұндай қылмыстық әрекеттер пайда табу мақсатымен немесе бұған керісінше, яғни, пайда табу мақсатынсыз жасалуы мүмкін. Мысалы, бас пайдасын көздеп, бөтеннің затын ұрлау, қарақшылықпен тонау,   ұрламаса да алдап, сенімге қиянат жасап алу, т.б. пайда табуы мақсатына жатады.  Ал бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру, бөтен мүлікті абайсызда жою немесе бүлдіру пайда табу мақсатынсыз жасалуы мүмкін. Қалай дегенде де меншікке қарсы қылмыс жасағандар қатаң жазаланады. Сондықтан, қылмыстық әрекеттерден аулақ болу әр адамның болашағын жарқын етеді.

Ғани Амантайұлы,

Түрксіб аудандық сотының судьясы

Алматы қаласы

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үкіметте Инновацияларды дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті

Бүгін 20:36

Анатомия мен экология тоғысындағы зерттеулердің ізашары

Бүгін 19:02

Александр Шевченко Словакиядағы турнирдің жартылай финалына өтті

Бүгін 18:59

Қазақстан әйелдер құрамасы AVC Ұлттар кубогының жартылай финалына шықты

Бүгін 18:57

ШҚО ескекшісі Азия чемпионатында үш бірдей медаль жеңіп алды

Бүгін 18:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);