Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Ұрланған балалық шақ: психолог ата-аналарға ескерт...

Ұрланған балалық шақ: психолог ата-аналарға ескерту жасады

Барлығы 13.08.2025, 09:31 654
Ұрланған балалық шақ: психолог ата-аналарға ескерту жасады
сурет: ЖИ

Көп балалы болу - көпшілік үшін құптарлық құбылыс. Алайда сол отбасыларда үйдің үлкен балалары бауырларын қараймын деп психологиялық соққы алуы мүмкін екенін білесіз бе? Мәселен жақында желіде жасөспірім қыздың анасынан бала тумауын жылап сұраған видеосы тарады. Біреулер бұл жағдайға күліп жатса, енді бірі бұл - баланың ішкі жан-айқайының көрінісі екенін айтты. Психолог, гештальт терапевт Ұлмекен Сәндібекқызы осындай жағдайда бала қандай қысымға ұшырайтынын және оның өміріне қалай әсер ететінін түсіндірді. Толығырақ Аqshamnews.kz тілшісінің материалынан біліңіз. 

Ұлмекен Сәндібекқызы 

психолог, гешталь-терпаевт

"Бауырларын қарап өскен бала ерте есейеді"

Психолог Ұлмекен ханымның айтуынша, баланың бауырларын қарауға мәжбүр болуы - ерте есеюдің бір түрі. Бұл жағдайда ол өз қажеттілігін елемей, үнемі біреуге жауапты болу сезімімен өмір сүреді.

"Мұндай балада стресс, мазасыздық жоғары болады, өмірден ләззат алу қиындайды. Үнемі басқа адам үшін уайымдаудың салдары эмоциялық күйреуге әкеледі", - дейді маман.

Баланың жеке шекарасының болуы неге маңызды?

Психологтың айтуынша, баланың кішкентай кезінен жеке шекарасы қалыптасқаны маңызды. Кішкентай баласын үлкен балаларына қарауға қалдырып, өздері қыдыруға кететін ата-аналар баланың жеке шекарасын кішкентайдан сыйламайды. Кейін ол балалар ересек өмірде өздерінің қалауларын бірінші орынға қоя алмайтын болады.

"Ерте "ата-аналық рөлге" кірген жасөспірім құрдастарымен қарым-қатынасын жоғалтуы мүмкін. Қыдыруға шақырған кезде "інімді қарауым керек" деген жауап бірнеше рет қайталанса, достар тарапынан мұндай ұсыныстар азаяды. Уақыт өте "бала" және "ана" рөлдері араласып, жеке шекара қалыптастыру қиындайды", - дейді Ұлмекен Сәндібекқызы. 

Сондай-ақ, ол мұндай балалардың эмоциялық оқшауланып, әлеуметтік шектеулерге тап болуы мүмкін екенін айтты. 

"Бауырларын баққан тұңғыш бала кейде "үлкенсің, түсінуің керек" деген себеппен өз қажеттілігін екінші орынға қояды. Бұл эмоционалдық кернеуді арттырып, қарым-қатынастан оқшаулауға әкеледі. Психологтың айтуынша, кейде мұндай балалар бауырларының қылығына жауап беріп, жазалануы да мүмкін. Соның салдарынан ара-қатынас нашарлап, келешекте шектен тыс қамқорлық таныту немесе керісінше, жауапкершіліктен қашу пайда болады", - дейді ол. 

Бала үшін "балалық шақты сезінбеудің" зардабы қандай?

Бауырларын қарап өскен бала, былайша айтқанда балалық шағындағы сәттерді сезінуден, өзінің балалық эмоцияларына уақыт бөлуден айырылады. Психологтың айтуынша, "балалық шақтың ұрлануы" - бұл баланың жасына сай ойыннан, еркіндіктен және қорғаныш сезімінен айырылып, ересектердің ауыр міндетін арқалауы. Ұлмекен Сәндібекқызы бұл жағдайдың салдарын былай сипаттайды:

  • Кінәлі сезіну;

  • Шектен тыс жауапкершілік алу;

  • Эмоциясын іште ұстау;

  • Өмірге өкпелі болу;

  • Қатарластарымен еркін араласа алмау;

  • Тез шаршау және эмоционалдық күйреу.

Ата-ана нені білу керек? 

Маманның пікірінше, үй шаруасы мен бала күтімін жас ерекшелігіне сай бөлу маңызды. Балаға сабаққа дайындалуға, ойнауға және достарымен араласуға мүмкіндік қалуы керек.

"Егер бала ашушаң, шаршаңқы, тұйық болса, бұл - ішкі ауыртпалықтың белгісі. Ондай кезде ата-ана баласынан не мазалап жүргенін сұрап, назар аударуға тиіс. Сіз баланы бауыр үшін емес, өзіңіз үшін өмірге әкелесіз. Оны өсіру, бағу, қағу, дұрыс тәрбие беру - бірінші кезекте ата-ананың міндеті", - дейді Ұлмекен Сәндібекқызы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бала #психолог
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

12 мың бала неге Ұлттық қордан төленетін төлемдерді алмайды?

Бүгін 17:04

Сауд Арабиясы Қазақстанмен стратегиялық серіктестікті тереңдетуге мүдделі

Бүгін 16:44

Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстандағы елшісін қабылдады

Бүгін 16:27

Атырауда әйел полицейден қашқан ұлына көмектескен - видео

Бүгін 16:16

Ұлттық банк төрағасы қазақстандықтарға кеңес берді

Бүгін 15:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика