Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / URKER, Jony мен Нұрлан Қоянбаев: Алматыда демалыс...

URKER, Jony мен Нұрлан Қоянбаев: Алматыда демалыста қайда баруға болады?

Мұны білген жөн 12.09.2025, 10:18 610
 URKER, Jony мен Нұрлан Қоянбаев: Алматыда демалыста қайда баруға болады?
Алматы әкімдігі

12–14 қыркүйек аралығында Алматыда қандай қызық іс-шаралар өтеді? Қайда барып демалуға болады? Толығырақ Аqshamnews.kz материалында. 

Концерттер

Осы демалыста бірнеше концерт жоспарланған: 

  1. 12 қыркүйекте Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі 92-ші концерттік маусымын ашады. 
  2. 12 қыркүйекте Музкафеде URKER тобы жеке концертін өткізеді. Топтың "Жаным", "Туған елім", "Махаббат әні" сынды әндері бар. 
  3. 13 қыркүйекте ресейлік әнші Jony-дің концерті өтпек. Оның "Комета", "Аллея", "Никак" әндері бар. Билеттерді мына жерден ала аласыздар. 

  4. 13 қыркүйекте BN Team Orchestra әлемнің үздік саундтректерінен концерт ұсынады. Онда "Дюна", "Интерстеллар", "Сұлтан Сүлеймен", "Титаник" секілді кинолардағы әуендер ойналады. 

  5. 13 қыркүйекте қазақстандық Zoloto есімді әншінің жеке ән кеші өтпек. Ол көбіне рок және поп жанрларда ән айтады. Өнер иесінің "Улицы ждали", "Грустно на афтэпати" сынды әндері бар. Билеттерді мына жерден ала аласыздар. 
     

Кино

Алматыда 12–14 қыркүйек аралығында қыдыратын орындардан бөлек, су тасқыны туралы қазақстандық "Қайтадан", кореялық "Всеведущий читатель" фильмдерін және жапониялық "Истребитель демонов: Бесконечная крепость" анимэсін тамашалауға болады.

Бұдан басқа

Дүйсенбі-жұма аралығында Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық киностудиясында экскурсия жасалады. Сағат 9:00-17:00 аралығында киностудия аумағын аралап, тарихымен таныса аласыздар.

Stand-up

  • 13 қыркүйекте Қазақша гала стендап-концерт өтеді. Бұл кеште Руслан Тай, Тілеген Еркінбек, Аманжан Махметов, Жоламан Какешов, Аңсаған Садирханов, Талғат Тынымбай, Мирас Каримов, Мирас Мырзабеков, Турсынбек Слямбеков қазақ тілінде өнер көрсетеді. Билеттер мына жерде. 
  • 13 қыркүйекте "Өте арзан психологтар" жобасы өтеді. Бұл күні кеш қонағы - Нұрлан Қоянбаев. Жүргізушілер , Руслан Тай мен Тілеген Еркінбек көрермендердің мәселелерін шешуге тырысады. Билеттерді мына сілтеме арқылы алуға болады.
  • 14 қыркүйекте Älem есеп беру стендап-концерті өтеді. Онда Ғалым Қалиақбаров пен Тілеген Еркінбеков өнер көрсетеді. Билеттер мына жерде. 

Спорт 

  • 14 қыркүйекте алматылық "Қайрат" футбол клубы ҚПЛ аясында ақтөбелік "Ақтөбе" клубымен кездеседі. 
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #іс-шара #қайда барамыз #Концерт #Кино
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Миопияның негізгі себептерін анықталды

Бүгін 17:42

Қазақстанның мектеп инфрақұрылымы бес жылда қалай өзгерді?

Бүгін 17:34

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 40%-ҒА ЖЕТТІ

Бүгін 17:30

WhatsApp-та 13 жасқа дейінгі балаларға арнайы аккаунттар қосылады

Бүгін 17:12

Алматыда ядролық тераностика орталығы құрылады

Бүгін 17:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика