ҰҚК Төрағасының кубогы Шекара академиясына бұйырды

ҰҚК Төрағасының кубогы Шекара академиясына бұйырды ҚР ҰҚК Шекара академиясының баспасөз қызметі

2025 жылғы 17-20  ақпан аралығында  Алматы қаласының Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кубогы үшін войлейболдан өткен турнирда Шекара академиясының құрама командасы жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

 Үш күнге созылған жарыс тартысқа толы болды. Барлық командалар қызу дайындықпен келген. Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұйымдастырған сайысқа бас-аяғы 24 команда қатысып, 200-ден астам спортшы өнер көрсетті.   

Спорттық сайыстың ашылу салтанатында еліміздің Мемлекеттік Гимні ойналып, барша қатысушылар Мемлекеттік Туға қарап сап түзеді. Қазылар үшін қызуқанды жанкүйерлердің қиқуына ұласқан сайыста жеңімпаздарды анықтау оңай болмады. Барлық командалар кілең мықты ойыншыларын іріктеп әкелгені соншалық, әр команда ойыншылары намысты қолдан бермеуге  тырысып бақты.  -Әйтсе де, осы жолы да бірінші орынды аламыз деп келген Павлодар облысындағы әріптестеріміздің салы суға кетті. Бұл жолғы ойында шекарашылар басым түсіп, чемпион атанып, жеңіс тұғырынан көрінді.

 Әсіресе, Д.Бекбаевтың сызық бойында тұрып ұрған добына қарсылас командалар әрең төтеп беріп, оның әр ұрған добы командасына ұпай болып жиналды.  Ал ағайынды Асхатовтардың тор сетканың маңында тұрып кезек-кезек ұрған доптары көздеген жерлеріне дәл түсіп команданың ұпайын еселей түсті. Мұндай әдемі көріністі А.Прищепа мен И.Быцко да адам қызығатындай соққылар жасап зал толы көрермендердің көңіліне қуаныш ұялатты. Қарсыластар тарапынан ұрған допты алаңға түсірмеуге тырысқан С.Абдинуров пен А.Сидоренко реті келгенде шабуылға шығып күшті ойын өрнектерін көрсетті. Команда жетекшісі М.Рамазанов әр ойын барысын қадағалап, кәсіби жетекшілік ете білді.              

Командалар бақ сынаған сайыста осалы болмады. Әр өңірдегі департаменттерден іріктелген команда ойыншылары сайысты тартысты өткізіп, ойынның көркін қыздыра түсті. Ойын кезінде ала допты алақанында ойнататын шекарашылар талай байрақты бәсекеде бақ сынап жүрген кіл мықтылардан құралған болатын. Олардың құрамында: М.Рамазанов, А.Сидоренко, С.Абдинуров, В.Исаеев, Б.Малкайдаров, А.Асхатов, Д.Асхатов, А.Прищепа, Д.Бекбаев, И.Быцко бар. Аталған ойыншылардың барлығы спорт десе ішкен асын жерге қоятын мықтылар. Бір сөзбен айтқанда кәсіби спорт  шеберлері.

«Баласы бәйегеге шапса, анасы үйде отырып тақымын қысады»,- демекші, әріптестерінің әр қимылын жіті бақылап отырған Шекара академиясының профессорлық-оқытушылық құрамы мен 3-оқу дивизион курсанттары ойын біткенше  тікесінен тік тұрып, шапалақты ұрып тұрып қолдау көрсетті. Өз кезегінде Шекара академиясының әнұранын шырқап,  ойыншыларға рухтық қолдау көрсете білді.

Қалай айтсақ та, өзара бақ сынасқан спорт саңлақтарының жарысы жоғары деңгейде өтті. Іс-шараның басты мақсаты да осы болған. Салауатты өмір салтын насихаттап, әр облыста орналасқан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент қызметкерлерінің шеберлігін шыңдау еді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлуде. Бүгінгі 3 күнге созылған тартысты сайыс соның айқын дәлелі.  Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ұжымы ұйымдастырған  волейбол жарысынан Шекара академиясының құрама командасы 1-орын, Солтүстік Қазақстан облысынан ат терлетіп келген команда 2-орын, өздеріне қатты сенім артып келген Павлодар облысынан келген команда ойыншылары 3-орынға тұрақтады.

 Жеңіс бар жерде жеңіліс бар демекші, жеңілістің ащы дәмін татқан командалар да болды. Олардың жақсы ойын өрнектерін көрсеткен ойыншыларына ҰҚК Төрағасының орынбасары генерал-майор А.Наймантаев әртүрлі номинация бойынша мақтау грамоталар мен сыйлықтарды  салтанатты түрде табыстады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:23

16:21

15:22

14:47

14:25

13:38

12:33

12:10

11:46

11:14

10:45

10:13

09:15

09:12

22:39

20:06

18:29

17:57

17:41

17:25

17:11

16:43

16:28

16:15

15:51