AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / ҰҚК атыс қаруын сатудың ірі арнасын жойды

ҰҚК атыс қаруын сатудың ірі арнасын жойды

Заң мен тəртіп 12.04.2023, 12:51 912
ҰҚК атыс қаруын сатудың ірі арнасын жойды
Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Еліміздің бірнеше өңірінде арнайы операция жүргізілді.


2023 жылғы 29 наурызда ҰҚК Қазақстан Республикасы ІІМ-мен бірлесіп, екі ведомствоның арнайы мақсаттағы бөлімшелерін тарта отырып, ірі ауқымда заңсыз қару айналымымен айналысқан қылмыстық топ әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Қылмыстық схеманың қатысушылары оқсыз атылатын, жарақаттайтын, белгі беретін және өзге де өлімге алып келмейтін қаруды кейіннен «қара» нарықта өткізу үшін жауынгерлікке қайта жасаумен айналысқан.


Арнайы операция Астана, Алматы қалаларында және Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында бір мезгілде жүргізілді.



"Нәтижесінде қылмыстық схемаға қатысы бар деген күдікпен 23 адам ұсталды. 32 автомат, 88 тапанша, 37 мылтық (барлығы 157 бірлік қару), 9 граната және әртүрлі калибрлі 27390 оқ-дәрі алынды", - делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.



Қару мен оқ-дәрілер жасауға арналған арнайы жабдықтары мен жинақтары бар 7 қолдан жасалған цехтың жасырын әрекеті жойылды.


Ұстау алдында ұзақ жете тексеру жүргізіліп, оның барысында әртүрлі калибрлі ұрыс патрондары мен оқ-дәрілерге келтіріліп қолдан жасалған «Калашников» автоматын, үш тапаншаны жедел сатып алу жүзеге асырылды.



"2023 жылдың ақпанында ҰҚК Ақтөбе облысында ұйымдастырушылары аталған ҰҚТ байланысы бар қаруды қолдан жасаумен айналысқан шеберхананың жұмысын тоқтатқанын айта кету керек", - деді ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.



Жедел жолмен қылмыстық схеманың барлық тізбегі ашылды.


Қаруды өткізу тәсілдері, соның ішінде «Darkshop» деп аталатын Интернеттің көлеңкелі сегментіндегі сауда алаңдары анықталды.


Топ мүшелері құпиялылық пен қауіпсіздіктің қатаң шараларын сақтаған, әрқайсысының рөлі мұқият бөлініп берілген (жасаушылар, сатушылар, делдалдар және т.б.).


Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.


Заңсыз қару сату және сатып алуға қатысы бар басқа да адамдарды анықтау бойынша жұмыс жалғасуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ҰҚК #қару #Операция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурыз – бірлік пен алғыс мерекесі: Алматыда ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

Бүгін 20:32

Ғылым мен Конституция арқылы жаңа бағыт: Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаев не туралы айтты

Бүгін 20:28

21 наурызда Түркі әлемі халықтарының көрме-жәрмеңкесі ашылады

Бүгін 20:23

Абай университеті Ұлыс күнін тойлады

Бүгін 18:53

Алматыда «Ауыл» партиясы Наурызға орай ерекше акция ұйымдастырды

Бүгін 18:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика