AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Ұлытаулық қарт жиһанкез Алматыға жетті

Ұлытаулық қарт жиһанкез Алматыға жетті

Спорт 11.05.2022, 16:24 1,607 Almaty-akshamy
Ұлытаулық қарт жиһанкез Алматыға жетті
Cурет: Almaty.tv

72 жастағы Сәрсенбай Қотырашовтың мақсаты – Қазақстанның 17 облысын аралау


Ұлытаулық қарт жиһанкез Алматыға жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Almaty.tv-ге сілтеме жасап.
«Ұлытауға бардың ба?» деп аталатын қарияның бұл марафоны 31 наурыз күні басталған. Сапар барысында ақсақалға Жезқазған мен Қызылорданың арасындағы жол ауыр соғыпты. Керек-жарақ салынған шағын арбасын сүйреп, күніне 40-50 шақырымды басып өтеді екен.



«Еңбексіз зейнет жоқ» деген қазақта мақал бар. Жолға шыққанда сол Қызылорда трассасы қиындау болды. Одан кейін қиын болғаны Түлкібас ауданынан бастап, Таразға дейінгі аралықта қиналдым», – деді ұста, саяхатшы Сәрсенбай Қотырашов.



Сәрсенбай Қотырашов – Ұлытау ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының қызметкері, еңбек ардагері. Қарашаға дейін ол бүкіл елді-мекенді аралап, қолданбалы өнер шеберлерімен кездесіп, өзге өңірлердің тұрғындарын Ұлытау ауданының тарихымен және киелі жерлерімен таныстырмақ. Жиһанкез ертең Алматыдан Семей қаласына аттанбақ.



«Сәрсенбай Қотырашов Оспанұлының саяхатына серіктес ретінде бірге келе жатырмын.Бірақ менің міндетім – қонатын, тамақтанатын, демалатын жерін ұйымдастыру. Жалпы Сәкең бұл ойын 6 жыл бұрын жоспарлап еді. Біз бар, отбасы бар қарсылық танып жүрдік. Биыл саяхатқа шықты», – деді өлкетанушы Бақтияр Қожахметов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жиһангез #Ұлытау #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық дәрігерлер ұйқы безінің ауыр асқынуы бар әйелдің өмірін сақтап қалды

Бүгін 12:17

Алматы білім беру хабына айналуда: Innotech университеті Arizona State University серіктестігімен іске қосылады

Бүгін 12:14

Бүгін – Халықаралық би күні

Бүгін 12:05

1 мамырдан бастап Алматы – Пусан бағытында тікелей әуе рейсі ашылады

Бүгін 11:48

Айына неше келі ет жейсіз?

Бүгін 11:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика