Ұлытау төрінде «КӨКМАЙСА – ДАЛАНЫҢ ТІРІ ТАРИХЫ» республикалық этномәдени фестивалі өтеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Республикалық этномәдени фестиваль 27 маусымда Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, Ералиев ауылында өтеді.
Бағдарламада:
▪️ Этноауылдар мен ұлттық салт-дәстүрлер
▪️ Қымызмұрындық рәсімі
▪️ Ұлттық спорт ойындары
▪️ Қолөнер көрмелері
▪️ 500 бие сауылатын тарихи көрініс
▪️ Танымал өнер жұлдыздарының концерті
«Көкмайса» — қазақ даласының рухын сезінетін, дәстүр мен мәдениет тоғысқан ерекше фестиваль!