AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Ұлықбектің ерлігі

Ұлықбектің ерлігі

Заң мен тəртіп 10.10.2024, 14:35 1,492
Ұлықбектің ерлігі
Сурет видео скрині

Шымкенттік 18 жастағы студент Ұлықбек Ахмедов ломбардқа телефон алу үшін кіріп, күтпеген жерден нағыз қаһарманға айналды.

«Маған телефонымды қайтарып алу керек болды. Ломбардтың жұмысы кешкі 9-да аяқталатындықтан, асығып жеттім. Қыз-кассир құжаттарды реттеп жатқанда, артымнан бір жігіт кірді. Бастапқыда кезегін күтіп отырды, бірақ бірден маған жақындап, кассирге тапанша кезеп: “Бұл тонау, бәрің тыныш тұрыңдар!” – деді. Басында не болып жатқанын түсінбей, қайта сұрадық. Сол кезде ол айқайлап, кассадағы ақшаны талап ете бастады. Сол сәтте мен әрекет етуге бел будым», — деп есіне алды Ұлықбек.

Бұрын боксшы болған Ұлықбек жылдам әрекет етіп, қылмыскерді бір соққымен жерге құлатып, тапаншасын тартып алды. Шабуылдаушыны полиция келгенге дейін ұстап тұрған.

Ұлықбектің анасы Рано бұл оқиғаның жай-жапсарын тек Шымкент қалалық полиция департаментіне ұлын марапаттау үшін шақырылғанда ғана білгенін айтады. Камерадағы жазбаны көргенде, оқиғаның сәтті аяқталғанына қарамастан, қорқынышын жасыра алмаған. Дегенмен, ол ұлымен, әсіресе оның ең кенжесі екенін атап өтіп, мақтаныш сезімін білдірді.

Ұлықбек болашаққа үлкен жауапкершілікпен қарайды: ол оқуын жұмысымен қатар алып жүріп, ата-анасына қаржылай тәуелді болмауға тырысады. Қазіргі уақытта дене шынықтыру мамандығы бойынша білім алып жатыр, бірақ болашақта полиция қызметкері болуды армандайды. Мұндай батыл жігітке құқық қорғау органдарында да орын табылары сөзсіз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлықбек #Ломбардт #полиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);