AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Ұлыбритания әскерилері Ауғанстанмен шектесетін елд...

Ұлыбритания әскерилері Ауғанстанмен шектесетін елдерден 102 ауған босқынын шығарып алды

Саясат 24.10.2021, 06:31 1,776
Ұлыбритания әскерилері Ауғанстанмен шектесетін елдерден 102 ауған босқынын шығарып алды
Cурет: Ашық дереккөз

Босқындар арасында ауған тілмаштары мен кеңесшілері бар


Британиялық әскерилер Ауғанстанмен шекараласатын елдерден шыға алмай қалған 102 босқынды қауіпсіз жерге көшірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Tass.ru агентігіне сілтеме жасап. 


Ұлыбритания Қорғаныс министрі сенбі күні таратқан мәліметте босқындар Біріккен Королдікке екі әскери ұшақпен жеткізілгені айтылдаы.


Қауіпсіз жерге көшірілген босқындар арасында – ауғандық тілмаштар мен консультанттар бар, олар Ауғанстанда НАТО миссиясын іске асыру кезінде британдық әскерилерге көмектескен. Сондай-ақ олардың отбасы мен бұған дейін Британия азматтығын алып үлгерген адамдар да бар.


Британия Қорғаныс министрлігі ауғандық босқындарды үшінші ел арқылы шығару жұмысы әлі бірнеше аптаға жалғасатынын жеткізді. Министрлік босқындарды нақты қай ел арқылы шығаратынын көрсетпеді, тек олар Ұлыбританияның тығыз байланыстағы халықаралық серіктесі екені айтылған.



«Тамыз айында біз Кабулдан 15 мыңға жуық қауіп төнген британ азаматы мен  ауғандықты шығару үшін тынымсыз еңбек еттік. Сол кезде мен ауғандықтарға жасалатын қолдау мұнымен аяқталмайтынын мәлімдеген едім. Біз биртандық қарулы күштерге көптеген жылдар бойы көмек көрсетіп, қолдап келген адамдар алдында парыздармыз. Қазір олардың өміріне қауіп төніп тұр. Бұл рейстер біздің көмегімізге мұқтаж жандарды көшіру мен қолдау бойынша ұзақ мерзімді күш-жігердің басталғанын білдірді»,-дейді Королдіктің Қорғаныс министрі Бен Уоллес.



Ауғанстаннан АҚШ әскері шыға салысымен «Талибан» қозғалысы күштері елді бақылауға алу үшін ауқымды операцияны бастап жібергені белгілі. 15 тамызда тәліптер ел астанасы Кабулды соғыссыз басып алды. Ал, Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елден қашып кетті. 6 қыркүйек күні тәліптер елді өз бақылауына лағандарын мәлімдеді. 7 қыркүйекте уақытша үкіметтің құрамын таныстырды, олардың заңды билік екенін осы уақытқа дейін ешбір ел мойындамады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауғанстан #босқын #Британия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ТМД мемлекеттері басшылары ұлттық тағамдар фестивалін тамашалады

Бүгін 10:03

Жаңа конституция Қазақстанның сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайтады

Бүгін 09:45

Алматыда халықаралық рейстердегі жолаушы орындарының саны 13%-ға өсті

Бүгін 09:42

Еліміздің ірі қалаларының 3 күндік ауа райы мәліметі

Бүгін 09:05

ТМД мемлекеттері басшылары ұлттық тағамдар фестивалін тамашалады

Кеше 22:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);