AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ұлы тұлғаның ұлағаттары

Ұлы тұлғаның ұлағаттары

Әлеумет 12.01.2023, 09:17 1,073 Ақтолқын ТҰРЛЫҒАЗЫ
Ұлы тұлғаның ұлағаттары
Суреттерді түсірген - К.Қонысбаев

Д.Қонаевтың 111 жылдығы аталып өтті.


Мегаполисте мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, дипломат, академик Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Сондай-ақ, Д.А.Қонаевтың мемориалды пәтер-музейінде экскурсия ұйымдастырылды. Зиялы қауым өкілдері мемлекет және қоғам қайраткерінің өмірі мен мемлекеттік қызметі, оның еліміздің әлеуметтік-экономикалық, ғылыми әлеуетін дамытуға қосқан үлесі, кейбір саяси және құқықтық көзқарастары, саяси таланты туралы естеліктерімен бөлісті.




«Мен Д.А.Қонаевпен бірге жұмыс жасаған бақытты адамдардың бірімін. Зейнетке шыққан кезінде ағамызбен етене араластым. Ол кісінің адамгершілігі мен еңбекқорлығына қарап қай кезде болсын тамсанатын едік. Зейнет жасына шықса да, еліне еңбек етіп, болашақ ұрпаққа өшпес із қалдырған болатын. Ол кісінің жарқын бейнесі, қажымас қайраты ұрпақ жадында мәңгі сақталарына сенімдіміз. Бүгін міне жастар да іс-шараға қатысып, өздерінің жүрекжарды тілектерін арнауда. Д.А.Қонаев ел үшін өлшеусіз еңбек еткен ерен тұлға десек, артық айтпағанымыз болар», – дейді Қазақстан Журналистика академиясының вице-президенті Валерий Жандаулетов.




Мемлекет қайраткерінің 111 жылдығына арналған іс-шараның мақсаты – оның ел экономикасы  мен саяси аренадағы рөлін ұрпақтан-ұрпаққа насихаттау және дәріптеу.  Оның өмірі мен көп қырлы қызметі Қазақстанның ұлы дәуірінің символына айналды.



«Біз жас болсақ та, Д.А.Қонаевтың ұлтына жасаған қызметінен хабарымыз бар. Бүгін группаластарыммен бірге гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етіп, мұражай-үйін аралап шықтық. Бізге өте қатты ұнады. Атамыздың оқыған кітаптарын, демалған орындығын, асханасын көріп қайттық. Бірге 30 жылдай қызметтес болған адамдардың әңгімелерін естіп, біз де жадырап қалдық. Болашақта атамыз секілді елге еңбегі сіңген азамат болсақ деген арманым бар», – дейді  ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясының 4 курс курсанты, сержант Әділбек Қапаров.



Қонаевтың шынайы тұлғасын ашуға, яғни оны қарапайым тұлға ретінде көрсетуге мұражай үйі үлкен  мүмкіндік береді. Бұл орын Қонаевты тек мемлекет қайраткері ретінде ғана емес, шынайы өмірде болған тұлға ретінде де ашып көрсетті десек, артық айтпағанымыз болар.




«Мұнда сақталған жәдігерлер Дінмұхамед Ахметұлының дүние-мүлікке қызықпайтын қарапайым адам болғанын, оның қарапайым тіршілігін, қалай дем алып, нендей дүниеге қызығушылық білдіретінін аңғартады. Мұражай бұл өткен тарихымызбен таныстыратын орын әрі өнегелі өмірдің нағыз куәгері», – дейді мұражай меңгерушісі Елена Кубашева.



Аталмыш іс-шараға Д.А.Қонаевтың қызметтес ізбасарлары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, соғыс және еңбек ардагерлері, туған-туыстары, БАҚ өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Қонаев #Тұлға
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);