AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Ұлттық ұланның әскери қызметшісі әлем чемпионатыны...

Ұлттық ұланның әскери қызметшісі әлем чемпионатының жүлдегері атанды

Спорт 01.08.2023, 14:58 1,213
Ұлттық ұланның әскери қызметшісі әлем чемпионатының жүлдегері атанды
Сурет: Polisia.kz

22-30 шілде аралығында Миланда семсерлесуден әлем чемпионаты өтті.


155 елден келген мыңнан астам спортшы Италия астанасында сынға түсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының спорт командасының спорт нұсқаушысы ефрейтор Руслан Құрбанов семсерлесу бойынша қола жүлдеге ие болды. Ефрейтор Құрбанов ширек финалда сайыс қожайыны Валерио Куомодан 15:12 есебімен басым түсті. Өкінішке орай, финалға шығу үшін өткен жекпе-жекте қазақстандық спортшы Венгрия елінің өкілі Томаш Кохтан 11:15 есебімен жеңіліп қалды. Соған қарамастан ол әлем біріншілігінің жүлдесін жеңіп алған еліміздің алғашқы өкілі атанды.


«Мұны сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Бұған әлі де сене алар емеспін. Мен бұл спортпен 20 жылдан бері шұғылданамын. Алдыңғы екі әлем чемпионатында медаль иеленуге бір қадам жетпей қалып едім. Міне, ақыры қола жүлде иелендім. Бұл мен үшін ғана емес, бүкіл ел үшін алғашқы медаль болғаны мені екі есе қуанышқа бөледі», – деді әсерімен бөліскен ұландық.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық ұлан #Әлем чемпионаты #семсерлесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ұрланған мүлікті ешкім меншіктей алмайды

Бүгін 00:53

Үкіметте Инновацияларды дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті

Бүгін 20:36

Анатомия мен экология тоғысындағы зерттеулердің ізашары

Бүгін 19:02

Александр Шевченко Словакиядағы турнирдің жартылай финалына өтті

Бүгін 18:59

Қазақстан әйелдер құрамасы AVC Ұлттар кубогының жартылай финалына шықты

Бүгін 18:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);