AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ұлттық ұланның 30-дан аса техникасы қайта жасақтал...

Ұлттық ұланның 30-дан аса техникасы қайта жасақталды

Әлеумет 05.07.2022, 16:56 1,179 Almaty-akshamy
Ұлттық ұланның 30-дан аса техникасы қайта жасақталды
сурет: Almaty.tv

Бүгін комиссия әскери мекемедегі арнайы көліктердің жарамдылығын тексерді


Қаңтар оқиғасында қатты зардап шеккен Ұлттық ұланның 30-дан аса техникасы қайта жасақталды. Бүгін комиссия әскери мекемедегі арнайы көліктердің жарамдылығын тексерді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.
Айта кетейік, жыл басындағы дүрбелең кезінде Ұлттық ұланның екі көлігі толық өртеніп кеткен еді.
Жырақта жүретін жауынгерлер үшін радиобайланыс мүлтіксіз жұмыс істеуі тиіс. Сондықтан бүгінгі тексеріс желінің жай-күйін байқаудан басталды. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы бастаған комиссия тобы Ұлттық Ұланның 5571 бөлімшесінің әскери техникасын түгел тексеріп шықты.



«Жоюға болатын аздаған ескертпелер болды. Радиожеліде байланыс жеткіліксіз екені анықталды. Бірақ оны бірден жөндеп, экипаж командиріне тапсырдым», – деді Байланыс бөлімінің офицері Роман Петров.



Тексерісті тереңірек түсіну үшін бұл жұмысқа біз де араласып көрдік. БТР-ден бөлек «УАЗ» маркалы автокөліктер мен сарбаздарды әрі-бері тасу үшін жиі қолданылатын әскери Камаздар қаралды.



«Камаз автокөлігін тексердік. Жағдайы жақсы. Аса бір ақау анықталған жоқ. Бірақ тазаланбаған жерлері болады енді. Оны жүргізушіге қосымша айтып отырамыз», – деді ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери полиция бөлімінің офицері Еркебұлан Шарықбаев.



Еске салсақ, көліктердің дәл осы екі түрі қаңтар оқиғасында түгі қалмай жанып кеткен еді. Істен шыққан екі машинамен қатар мына қаз-қатар тізілген арнайы көліктердің тең жартысы, яғни қырыққа жуығы дүрбелеңге жұмылдырылған. Бейберекет кезінде машиналардың көбіне зақым келіп, әйнектері сынған болатын.



«Қалған автокөліктер бүгін сапта, жөндеулі күйде тұр. Ол техниканың жағдайы, қару-жарақтар тексеріліп жатқан арнайы автокөліктер бар. Соның барлығы жақсы баға алып жатыр бүгін», – деді ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы 5571 әскери бөлімі командирінің техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары Мерей Қонысбаев.



Сондай көліктердің бірінде болып, аяғынан жарақат алған Мерей Қонысбаев ерлігі үшін биыл «ІІ дәрежелі Айбын» орденімен марапатталған. Ол жауынгерлердің техникалық жасақталуы түрлі әскери операциялар кезінде үлкен маңызға ие болады дейді. Жалпы Алматыдағы Ұлттық ұланға 100-ден аса әскери техника тиеселі. Арнайы авокөліктер соңғы рет 2019 жылы жаңартылыпты. Қызметтегі көліктер 10 жылдан кейін есептен шығарылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлан #әскер #техника
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);