AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Ұлттық ұлан сарбазы бес тіл біледі

Ұлттық ұлан сарбазы бес тіл біледі

Барлығы 05.09.2025, 15:36 948 dulatbekova
Ұлттық ұлан сарбазы бес тіл біледі
Сурет: 5571 әскери бөлімі

5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күні. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Алматыдағы 5571 әскери бөлімі сапында қызмет етіп жүрген қатардағы сарбаз Владимир Копылов бес тіл біледі.

Ұлты – орыс болса да, қазақ тілін жетік біліп қана қоймай, өзбек, қырғыз, ұйғыр және татар тілдерінде еркін сөйлейді. Ұлттық ұлан қатарына Шымкент қаласынан шақырылған Владимирдің тіл білуге деген қызығушылығы бала кезінен қалыптасқан. Ол түркі әлемінің тілдерін меңгеруді мақсат тұтқан. Айта кетсек, Владимир түркі тілдерінің ішіндегі сирек қолданылатын қарашай, қарақалпақ және ноғай тілдерінде де сөйлей алады.

Тіл білудің пайдасын ұландық сарбаз күнделікті қызмет барысында сезінеді. Ол үшін патрульдік қызметте Алматы шаһары тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету де, түрлі ұлт өкілдерімен тіл табысу да еш кедергі келтірмейді. Қазаққа – қазақша, өзбекке – өзбекше, ұйғырға – ұйғырша жауап беріп тұрған Владимирді көргенде, қаруластары да таңдай қағады.

Тек тіл білімімен ғана емес, өнерімен де ерекшеленетін Владимир ротадағы ең белсенді, әскери қызметтің үздік сарбаздарының бірі. Қаруластары шашын қидырғысы келсе, Владимирге барады, себебі ол нағыз шебер шаштараз. Одан бөлек, әскери бөлімнің мобилографы. Күнделікті қызметті, жауынгерлік өмірдің қызықты сәттерін бейнеге түсіріп, әскери бөлімнің әлеуметтік желідегі имиджін қалыптастырып жүр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бес тіл #сарбаз #Тілдер күні
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);