Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Ұлттық құраманың еншісінде 69 медаль: 27-сі – алты...

Ұлттық құраманың еншісінде 69 медаль: 27-сі – алтын

Спорт 12.09.2024, 08:42 2,101
Ұлттық құраманың еншісінде 69 медаль: 27-сі – алтын
ҚР Туризм және спорт министрлігі

 Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының төртінші жарыс күнінде 6 алтын, 7 күміс, 8 қола жүлде жеңіп алды. Жалпы есепте Қазақстан қоржынында 27 алтын, 17 күміс, 25 қола жүлде бар, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы Ресейді 18-2 есебімен жеңіп, финалға шықты. Ақтық ойында Қырғызстаннан келген көкпаршылармен кездеседі. Жарыс «Қазанат» ипподромында өтеді.

Көк бөрүден Қазақстан командасы Түркия құрамасын 15-1 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды. Финалда қазақстандық спортшылар Қырғызстан командасымен кездесіп, алтын жүлдені сарапқа салады.

Ипподром маңында этноауылда жамбы атудан соңғы жарыс күні өтті. Жамбы стилінен Батыр Бексауыт күміс жүлдеге ие болды. Ұлттық құрама спортшылары жалпы екі алтын, екі күміс, екі қола иеленіп, командалық есепте бірінші орынға жайғасты.

Этноауылда powerful nomad спортынан абсолютті салмақ дәрежесінде Азамат Мақұлбеков алтын жүлде алды. Ол 16 елден келген 16 спортшының ішінен үздік нәтиже көрсетті.

«Арғымақ» ат-спорт кешенінде өтіп жатқан дәстүрлі садақ атудан үшінші жарыс күнінде садақшылар «Жамбы» нысанасы бойынша сынға түсті. Жәнібек Құлмырзаев пен Бақберген Сәлімов қола жүлдеге ие болды. Дәстүрлі садақ атудан жарыстың алғашқы күні «Пута» нысанасы бойынша Айкөркем Батихан мен Қасымхан Қанат қола жүлде алса, Жәнбек Құлмырзаев алтын медаль иеленді.

Ал «Қалқан» нысанасынан өткен бәсекеде Ербол Тәпенов күміс жүлдеге, Қасымхан Қанат қола жүлдеге ие болды.

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында қырғыздың ұлттық белбеу күресі алыштан жарыс аяқталды. Ерлер арасында 60 келі салмақ дәрежесінде Тұрмаханбек Қалмұқан және 100 келі салмақ дәрежесінде Бекбол Нұрланұлы күміс жүлде алды. Нұржан Сәрсенғалиев (70 келі) пен Нұрдәулет Жарылғапов (+100 келі) қола жүлдеге ие болды. Әйелдер арасында 75 келіде Перизат Жақыпбекова күміс жүлдеге ие болса, 55 келіде Назерке Әбілтаева, 60 келіде Арайлым Ракиш жәнк 65 келіде Айнұр Ақжігітова қола жүлде алды.

«Алау» мұз сарайында арқан тартыстан жарыс өтті. Қазақстан ерлер құрамасы да, әйелдер құрамасы да финалда ресейлік спортшыларға жол берді. Осылайша күміс жүлдеге ие болды.

«Алау» мұз сарайында ерлер арасында асық ату мен әйелдер арасында бес асықтан финалдық ойындар өтті. Асық атудан ерлер құрамасы Қырғызстан құрамасын жеңіп, алтын жүлдеге ие болды.

Бес асық сайысында Қазақстан әйелдер құрамасы Ресейден басым түсіп, алтын жүлде алды.

«Думан» қонақ үйі және спорт кешенінде тоғызқұмалақтан финалдық ойындар өтті. Ұлттық құрама спортшылары жекелей сында екі алтын, бір күміс, бір қолаға қол жеткізді. Командалық есепте алтын медаль алды. Қыздар арасында Мөлдір Серікқызы чемпион атанса, Аңсаған Қожанәсіп күміс жүлде еншіледі. Ерлер арасында Бексұлтан Бостандықов алтын алса, Ерсұлтан Әуелбай қола жүлдені қанағат тұтты. 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #көшпенділер ойындары #көкпар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Қазақстанның қаржы секторы алдағы референдумды қолдады

Бүгін 18:25

Тұңғышбай Жаманқұлов жастарды кітап оқуға, уақытты қадірлеуге шақырды

Бүгін 18:16

Алматы 2-ЖЭО-ын жаңғырту атмосфераға тарайтын зиянды шығарындыларды айтарлықтай азайтуға бағытталған

Бүгін 17:49

Арнайы операция: есірткі саудасына қатысы бар күдікті ұсталды

Бүгін 17:14

Футболдан Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланды

Бүгін 17:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика