ffin.kz

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы туралы не білеміз?

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы туралы не білеміз? Сурет: Almaty-akshamy.kz

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы басталады.


Бағдарламаға қатысты толыққанды ақпаратты, оны іске асыру барысы мен шарттарына байланысты сізді мазалаған сұрақтардың жауабын "Ұлттық қор – балаларға" арнайы парақшасынан таба аласыз, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бұл бағдарламаның аясында Қазақстанның әр баласының жинақтаушы шотына қаржы аударылады, ол қаражатты болашақта білімге немесе баспана сатып алуға жұмсауға болады.


Президент қол қойған заңға сәйкес, Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50%-ы Қазақстан балаларының арнайы жинақ шоттарына 18 жасқа толғанға дейін аударылып тұрады. Қаржы Қазақстан азаматы саналатын және 18 жасқа толмаған барлық балаға теңдей бөлінеді.


Қаражат БЖЗҚ-дағы жеке шоттарға түседі, шот "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасындағы ақпарат негізінде әр балаға автоматты түрде ашылады, яғни ата-аналарға банкке немесе БЖЗҚ-ға арнайы барудың қажеті жоқ.



Баланың "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасына қатыса алатынын немесе қатыса алмайтынын egov.kz порталындағы жеке кабинеттен білуге болады. Бұдан бөлек, зейнетақы қорының enpf.kz ресми сайтында тұрақты тұрде мәліметтер жарияланып тұрады.



Алғашқы төлемдер мақсатты шоттарға 2024 жылдың 1 тоқсанында түседі.


Ақшаны бірден шешіп алуға болмайды. Ақша балалардың мақсатты жинақ шоттарында бала 18 жасқа толғанға дейін жиналып тұрады. 18 жасқа толған соң ақша шотта 10 жыл сақталады. Егер жинақталған қаражат 28 жасқа дейін пайдаланылмаса, ол алушының зейнетақы шотына аударылады.



Егер бала 18 жасқа толғанға дейін елден кетіп, азаматтығын ауыстыратын болса, онда ол төлем талап ету құқығынан айырылады. Егер бала 18 жасқа толғанға дейін елден кеткенімен, азаматтығын ауыстырмайтын болса, онда оның төлем талап ету құқығы сақталады.



Азаматтық заңнамаға сәйкес нақты жинақталған қаражатты мұрагерлік жолмен беру мүмкіндігі қарастырылған. Бала әрекетке қабілетсіз болған жағдайда, ақшаны басқару құқығы ата-анасына немесе қорғаншыларына өтеді.


Бала кәмелет жасқа толғаннан кейін жинақталған қаржыны екі мақсатта жұмсай алады: тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе оқу ақысын төлеуге. Жобаға сәйкес, тұрғын үйді тек Қазақстан аумағынан ала алады, ал оқу ақысын Қазақстанда да, шетелдік оқу мекемесінде де төлей алады.


БЖЗҚ шотында жиналған соманы уәкілетті оператор арқылы таңдалған мақсатқа аударуға болады.



Отбасы Банк – осы маңызды әлеуметтік жобаның уәкілетті операторларының бірі. Отбасы банктің enpf-otbasy.kz платформасын пайдалана отырып, 2024 жылдың басынан бастап 18 жастан асқан азаматтар алған қаражатын пайдаға асыра алады. Бағдарламаға қатысушылар жинақталған қаражатын мына мақсаттарға онлайн бағыттай алады:



өз қаражатын пайдалану мүмкіндігімен тұрғын үй сатып алу;


ипотекалық несиені мерзімінен бұрын толық немесе ішінара өтеу;


ипотекалық займ алу үшін бастапқы жарна енгізу, оның ішінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге;


Отбасы банкіндегі депозитті толтыру;


МББЖЖ бағдарламасы (мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі) аясында депозитті толықтыру;


Қазақстандағы оқу ақысын төлеу;


басқа елдердегі оқуға ақысын төлеу;


оқуға алған несиені төлеу.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32