AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / “Ұлттық қор – балаларға”: 2025 жылы әр балаға 130...

“Ұлттық қор – балаларға”: 2025 жылы әр балаға 130 доллардан астам қаржы аударылды

Билік 31.01.2026, 11:39 354 Дина
“Ұлттық қор – балаларға”: 2025 жылы әр балаға 130 доллардан астам қаржы аударылды
С.Құсайынов

Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылған «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандық балалардың жинақтары қалыптасып жатыр, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Бағдарламаға сәйкес, жыл сайын Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50 пайызы Қазақстан азаматтығындағы барлық балалар арасында теңдей бөлінеді. Бұл қаражат балалардың БЖЗҚ-дағы шоттарына нысаналы талап ретінде есептеліп, инвестицияланады.

2025 жылдың қорытындысы бойынша бағдарламаға қатысушы 6 918 656 балаға әрқайсысына 130,71 АҚШ доллары көлемінде қаржы аударылған. Нәтижесінде:

  • үшінші жыл қатысып жатқан балалардың жинағы 370,56 доллар,
  • екінші жыл қатысқандардікі 263,93 доллар,
  • бірінші жыл қатысқандардікі 130,71 доллар болды.

Бағдарлама басталғалы бері Ұлттық қордан балаларға есептелген қаражаттың жалпы көлемі шамамен 2,5 млрд АҚШ долларын құрады.

2026 жылы 356 613 қазақстандық 18 жасқа толып, жинақталған қаражатын тұрғын үй жағдайын жақсартуға, білім алуға немесе зейнетақы жинағы ретінде сақтауға құқылы болады.

Баланың бағдарламаға қатысуы туралы ақпаратты ата-аналар kids.enpf.kz сайты мен eGov mobile қосымшасы арқылы тексере алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ұлттық қор #балалар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай гастрономиялық жәрмеңке ұйымдастырылды

Бүгін 18:18

Эндокринолог денсаулыққа зиян тіскебасар түрін атады

Бүгін 17:27

Мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Бүгін 16:25

Қонақжайлықтың жарқын көрінісі: Алматы әуежайында Бірлік күніне арналған акция өтті

Бүгін 15:03

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Бүгін 14:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика