AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «ULTTYQ ÓNIM» көрмесіне Қазақстанның 320-ға жуық т...

«ULTTYQ ÓNIM» көрмесіне Қазақстанның 320-ға жуық тауар өндірушілері қатысады

Әлеумет 03.05.2023, 06:27 1,000
«ULTTYQ ÓNIM» көрмесіне Қазақстанның 320-ға жуық тауар өндірушілері қатысады
Сурет: Даму қоры

Жыл сайынғы отандық тауар өндірушілердің «ULTTYQ ÓNIM» көрмесі биыл жетінші рет өткізілмек.


Ол 2023 жылдың 5-7 мамыры аралығында Алматы қаласындағы «Атакент» іскерлік ынтымақтастық орталығынының 11 павильонында өтеді. 2015 жылдан бері көрмені «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ  ұйымдастырып келеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Іс-шараның ашылуы 05.05.2023 жылы сағат 10:00-ге жоспарланған. Ресми бөлімнің соңында кәсіпкерлер мен БАҚ өкілдері үшін баспасөз конференциясы өтеді.


 Жыл сайынғы «ULTTYQ ÓNIM» көрмесінің ашылу салтанаты ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Қанат Шарлапаевтың, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрайымы Гаухар Бурибаеваның, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының, банк төрағалары мен кәсіпкерлердің қатысуымен өтеді.


Көрмеде оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарына азық-түлік, құрылыс, жиһаз және тоқыма өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, мамандандырылған техника мен құрал-жабдықтар, кәдесыйлар мен полиграфиялық өнімдерді көрсететін 320-ға жуық компания өз өнімдерін  ұсынады. Көрмеде «Халық Таңдауы» тәуелсіз дәм тату байқауы және  жетекші қазақстандық өндірушілер ұсынған әйелдер мен ерлер киімдері топтамаларының көрсетілімі өтеді. Сонымен қатар көрме қатысушыларының билеттері арқылы күнделікті ұтыс ойындары болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ULTTYQ ÓNIM #Көрме #тауар өндірушілері
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);