AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Ұлттық ғылым академиясының вице-президенттері таға...

Ұлттық ғылым академиясының вице-президенттері тағайындалды

Білім және ғылым 23.05.2023, 16:00 1,663 Almaty-akshamy
Ұлттық ғылым академиясының вице-президенттері тағайындалды
Сурет: Ашық дереккөз

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен Ұлттық ғылым академиясының вице-президенттері тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 10 мамырдағы бұйрығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» КЕАҚ вице-президенттері болып Асқар Жұмаділдаев, Ақылбек Күрішбаев, Ләззат Ералиева, Такир Балықбаев тағайындалды. 


Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаев – белгілі қазақстандық математик-ғалым және қоғам қайраткері, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы ҰҒА-ның академигі. Ол математика және ғылым саласындағы жетістіктері үшін көптеген марапат пен грант алған.


Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор. Осы саладағы жетістіктері үшін бірнеше рет марапатталған. Экономиканы, ғылымды және жоғары білімді дамытуға, сондай-ақ белсенді қоғамдық қызметке сіңірген еңбегі үшін «Құрмет» және «Парасат» ордендерімен марапатталған.


Ләззат Тасболатқызы Ералиева – профессор, медицина ғылымдарының докторы, 2013 жылдан бастап «Медицина ғылымдары» секциясы бойынша Ресей жаратылыстану академиясының (РЖА) корреспондент-мүшесі. Ол –150-ден астам мақаланың, 2 ұлттық нұсқаулықтың, монографиялар мен әдістемелік нұсқаулықтардың, сонымен қатар 4 өнертабыс патентінің авторы. 


Такир Оспанұлы Балықбаев – физика-математика ғылымдарының кандидаты және педагогика ғылымдарының докторы, сондай-ақ, өз саласында айтарлықтай тәжірибесі бар профессор. Ресейдегі кәсіптік білім беруді қолдау қорының А.Г.Небольсин атындағы сыйлығының лауреаты. 2018 жылы «Парасат» орденімен марапатталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ғылым #Академия #тағайындау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда алғашқы түнгі Almaty Glow Ride велошеруі өтеді

Бүгін 13:12

Қазақстандықтардың автонесиеге қызығушылығы төмендеді

Бүгін 12:15

Алматы Euronews эфирінде: халықаралық аудиторияға шаһардың туристік келбеті таныстырылды

Бүгін 12:12

Алматы GITF 2026 көрмесінде үздік мәдени туристік бағыт атанды

Бүгін 11:31

Алматыдағы Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында ЛОР-хирургияның жаңа бағыты іске қосылды

Бүгін 11:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);