AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Ұлттық банк төрағасы қазақстандықтарға кеңес берді

Ұлттық банк төрағасы қазақстандықтарға кеңес берді

Экономика 01.04.2026, 15:45 233 Сұлу
Ұлттық банк төрағасы қазақстандықтарға кеңес берді
Ұлттық банк

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов қазақстандықтарды долларды жинақтау және сақтау құралы ретінде қабылдамауға шақырды. Бұл туралы ол журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып мәлімдеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, экономикалық жағдайдың өзгергеніне қарамастан, көптеген адам әлі күнге дейін шетелдік валютаға иек артады.

"Менің 2022 жылы доллар ең жоғары шегіне жеткенде 550 теңгеден сатып алып, әлі күнге дейін ұстап отырған таныстарым бар. Доллар туралы ойлауды тоқтату керек. Доллар жинақтау құралы емес", - деді Сүлейменов.

Ол Қазақстанда ақшаны жинақтап, сақтаудың баламалы және тиімдірек құралдары барын атап өтті.

"Бізде теңге бар, телефон арқылы-ақ ашуға болатын депозиттер бар. Сонымен қатар, KASE және АХҚО сияқты толыққанды қаржы нарықтары жұмыс істейді. Квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары, Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары бар – бұл кірісі жоғары және тәуекелі төмен сенімді құралдар", - деді ол.

Ұлттық банк басшысы елімізде "күрт девальвациялар мен гиперинфляция дәуірі артта қалғанын" алға тартты.

"Доллар ақша сақтаудың негізгі тәсілі болған заман өтті. Біз Қазақстанда тұрамыз, теңгемен табыс тауып, теңгемен жұмсаймыз. Шетел валютасы тек шетелге шығу үшін ғана қажет", - деді Сүлейменов.

Оның пікірінше, ұлттық валютаның нығаюы азаматтардың сеніміне тікелей байланысты.

"Өз валютамызға неғұрлым көп сенім артсақ, ол соғұрлым мықты болады", - деп түйіндеді ол.

Сондай-ақ Сүлейменов өз жинақтарының басым бөлігін теңгемен сақтайтынын айтты.

"Менің шетел валютасында шағын депозитім бар, бірақ жинағымның негізгі бөлігі - ұлттық валютада", - деді Ұлттық банк басшысы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ұлттық банк #төраға #Кеңес #доллар.
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51

PGL Astana 2026: елордада турнирдің алғашқы ойын күнін шамамен 7000 көрермен тамашалады

Бүгін 15:48

Тоқаев Astana LRT жұмысын іске қосты

Бүгін 15:04

«Оқи алмайтын бала болмайды, оқыта алмайтын мұғалім болады» – сарапшылар білім жүйесіндегі басты мәселені атады

Бүгін 14:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);