AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ұлттық арна өртеніп кеткен «Алтын қор» туралы айтт...

Ұлттық арна өртеніп кеткен «Алтын қор» туралы айтты

Әлеумет 14.01.2022, 09:33 1,608
Ұлттық арна өртеніп кеткен «Алтын қор» туралы айтты
bag. kz


Qazaqstan Ұлттық телеарнасы Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде өртеніп кеткен «Алтын қоры» туралы түсіндірме жасады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz теларнаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.




- «Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Алтын қорының» бір бөлігі Алматы қаласында жинақталған. Себебі қазақ телевизиясы мен радиосы пайда болғалы сақталған құнды материалдарды өңдеумен айналысатын мамандардың көбі Алматы филиалында. Оқиға кезінде ғимаратқа үлкен залал келіп, 16 мыңға жуық бейнетаспа жинақталған «Алтын қордың» жерасты қоймалары мен цифрланған видеоматериалдар сақталған Серверлер бөлмесін өрт шалды. Бұл серверде осы күнге дейін цифрланған бейнематериалдардың бір бөлігі сақталған (басым бөлігі Нұр-Сұлтан қаласында ) болатын. Бұған қоса, өрт сөндіру кезінде қоймаларды су басты, - делінген хабарламада.



Өртенген сервердің жады және кассеталар мен пленкалардың жарамдылығы толық техникалық тексерістен соң айқындалады. Себебі қазіргі кезде қауіптілігіне байланысты ғимаратқа кіруге мүмкіндік жоқ.



Қордағы 110 мыңнан астам аудиоматериал толық цифрланған. Материалдардың цифрлы нұсқасы Нұр-Сұлтан қаласындағы бас кеңседе сақтаулы. Корпорация цифрландыру бойынша кешенді жұмыстардың жалғасы ретінде өткен жылдың соңында «Алтын қор» жауһарларын көпшілікке таныстырып, кез келген елден еркін көруге мүмкіндік беретін https://altynqor.com/ арнайы порталын ашты. Қазір мұнда 1500-ге жуық бейне, 700 аудиоматериал бар. Сайтты толықтыру тұрақты түрде жалғасады, - деді баспасөз қызметі.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Ұлттық #арна #алтын #қор
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ТМД мемлекеттері басшылары ұлттық тағамдар фестивалін тамашалады

Бүгін 22:00

«Алматы кештері» музыкалық кеші өтті

Бүгін 20:57

Алматыда Сыдық Дәулетовтің «Нар жолы» кітабы таныстырылды

Бүгін 20:52

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Алматы қаласы мен Алматы облысындағы ірі жобалардың жай-күйімен танысты

Бүгін 19:31

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Алматы қаласы мен Алматы облысындағы ірі жобалардың жай-күйімен танысты

Бүгін 18:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);