AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ұлт руханиятының темірқазығы

Ұлт руханиятының темірқазығы

Әлеумет 09.08.2024, 10:41 1,417
Ұлт руханиятының темірқазығы
aqshamnews.kz

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының туған күніне орай, яғни 175 жылдық мерейтойы қарсаңында 2020 жылдың 4 тамызы күні Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 10 тамыз «Абай күні»  болып белгіленген еді. Осынау мереке қарсаңында  Жетісу ауданындағы комьюнити-орталығында «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласы, Жетісу аудандық филиалы мен «Аманат» партиясының Жетісу аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары» атты әдеби іс-шара өтті.

Ұлы Абай күні  аясында қазақтың салт-дәстүрін, қастерлі ұлттық құндылықтарын насихаттап, ұлт болашағына алаңдаған ақ кимешекті аналар  бас қосып, қоғамдағы жас ұрпақ тәрбиесіне қатысты өзекті мәселелерді ортаға салды. Жас ұрпаққа тәрбие берудің алғышарты Абайдың даналық қара сөздері екенін ортаға салып, ой бөлісті.

Алғашқы сөз кезегін Жетісу ауданы Ардагерлер кеңесінің төрайымы, қалалық «Әжелер кеңесінің» төрайымы Тамара Мұхтарханқызы алды.

– Біз үшін қазіргі уақыт өте күрделі. Жаһандану атты бұрын-соңды болмаған өтпелі кезеңді кешіп жатырмыз. Біз осынау қиын да, жауапты кезеңде өз құндылығымызды сақтап қалуымыз керек. Бұл ретте «Тек ақыл, ғылым, ерік, ар-ұждан адамды көтереді» деген даналық ойдың иесі, қазақ халқының ұлы ақыны, ұлт руханиятының темірқазығы Абай бабамызға арқа сүйеп, қара сөзіне жүгінсек болды дер едім. Қазір ұлы Абайды тек қазақ халқы ғана емес, әлем түгел оның даналық қара сөздерінен нәр алып жатыр. Шетелдерде бой көтеріп жатқан Абай ескерткіштері текке қойылып жатқан жоқ. Абайдың бастау алған тәрбие бұлағы – әжесі, ата-анасы, өскен ортасы болды. Балаға әке – қамқор, асқар тау, сүйеніш, демеуші болса, ана – мейірімі мол тәрбиешісі, өмірдегі дұрыс ұстаным болмысының үлкен себепкерлері болады, – дей келе, әкесі Мұхтархан Батырхановтың Абайға арнаған өлеңдерін оқып берді.

Келесі кезекте «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласы және Алматы облысы филиалының төрайымы Ләйле Ноғайқызы сөз алып, Абайдың «Қара сөздері» арқылы еңбек пен білімге, ізгілік пен парасатқа қол жеткізуге болатынын айтып, адамның рухани дамуы мен сананың жаңғыруы жолында Абай шығармалары баға жетпес байлық болып қалатынына тоқталды.

Кеш барысында Астерхан Шойынбайқызы, Ботан Бекетбайқызы бастаған аналар Абай Құнанбайұлының әдеби және музыкалық шығармаларындағы өзекті гуманистік және ағартушылық мұраттарға ие прогрессивті көзқарастары туралы ойларын ортаға салды. Ұлы данышпанның «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас» атты әндерін шырқаған аналар іс-шараны ұйымдастырған «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласы, Жетісу ауданы филиал төрайымы – Гүлжазира Дүйсенқызына, Жетісу ауданы «Аманат» партиясы идеология бөлімінің маманы – Нұргүл Керімқызына алғыстарын білдірді. Осылайша «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің ақ кимешек киген аналары ұлы Абайды ұлықтап, әр сөзінен маржан теріп, әсерлі әнін шырқап көңілді тарқасты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақ аналары #Абай #Әжелер кеңесі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының мәдениет күндері аясында Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті

Кеше 22:37

Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кеше 22:34

Қазақстандық ғалым алғашқы болып Майкл Фуллан сыйлығын алды

Кеше 19:18

Футболдан Бірінші лигада «Шахтер» ірі жеңіске жетті

Кеше 19:12

Атыраулық спортшы паражүзуден Қазақстан чемпионатында үш алтын жеңіп алды

Кеше 19:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика