Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ұландықтар Президент Жолдауын тыңдады

Ұландықтар Президент Жолдауын тыңдады

Әлеумет 03.09.2024, 11:10 2,001
Ұландықтар Президент Жолдауын тыңдады
Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы басқармасы

Ұландықтар саяси маңызды күнде тыс қалмады. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы басқармасының ұжымы тікелей эфирден онлайн форматта Президент Жолдауын тыңдады.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Талапкер Әміреевтің басшылығымен басқарманың офицерлері мен әскери қызметшілері мәжіліс залына жиналып, Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын тыңдап, өз қолдауларын білдірді. 
Бүгінгі Жолдауда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру қажетілігін атап өтті. Сонымен қатар әскери құрылымдардағы тәртіпке де басты назар аударды.      

«Әскер қатарында заң мен тәртіптің сақталуы – айрықша маңызды міндет. Жастар әскерге Отан алдындағы борышын өтеуге барады. Жас сарбаздарымыз өз міндетін алаңсыз орындауы үшін әскер қатарында, ең алдымен, темірдей тәртіп болуға тиіс. Қарулы күштер мен басқа да күштік құрылымдар осы талапты мүлтіксіз орындауы қажет. Әр ата-ана әскерге кеткен баласын мемлекетке сеніп тапсырады. Сондықтан сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, ең алдымен, армия басшылығы және құқық қорғау мекемелерінің басшылары жауапты», – деді Мемлекет басшысы. 

Жолдаудан кейін «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Талапкер Әміреев басқарма жеке құрамына Президенттің жүргізіп отырған саясатының маңыздылығын жалпылама түсіндіріп, оны жүзеге асыруда басқарма басшыларына бірқатар тапсырмалар қойды.

–    Тоғыз бағыттан тұратын бұл Жолдау қазіргі жағдайда алдымызда тұрған басты міндеттерді шешуде негізгі рөл атқарады деп сенемін. Алдағы уақытта, барлық әскери бөлімдерде Жолдауды жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болады. Мемлекет басшысының жолауына қолау білдіре отырып, құқықтық тәртіп әскерінің жеке құрамы да аталған міндеттерге жету үшін табанды еңбек ететініне сенім білдіремін, –  деп атап өтті генерал-майор Талапкер Әміреев. 

Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру мақсатында өңірлік қолбасшылыққа қарасты барлық әскери бөлімдерде тиісті шаралар өткізілетін болады.
Айта кетейік, мұндай іс-шара қолбасшылыққа қарасты барлық әскери бөлімде де ұйымдастырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #президент #жолдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика