конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Үкіметте туризм саласын дамыту мәселелері талқылан...

Үкіметте туризм саласын дамыту мәселелері талқыланды

Әлеумет 17.09.2025, 15:02 625 Bakyt
Үкіметте туризм саласын дамыту мәселелері талқыланды
gov.kz

Үкіметте Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында туризмді дамыту жөніндегі жұмыстар қаралды. 

Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев орталық мемлекеттік органдар мен өңірлердің өкілдерімен кеңес өткізді. Кездесу барысында туризм мәселелері және туристік аймақтардың жағдайы бойынша Президенттің тапсырмаларын жүзеге асыру туралы есептер тыңдалды. Сонымен қатар елдің негізгі туристік дестинацияларына жасалған іс сапарлардың нәтижелері ұсынылды. Ермек Көшербаев қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіз екенін айтып, инфрақұрылымды дамыту мен туристік нысандардағы көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру жұмыстарын жеделдетудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Мемлекет басшысының жаңа тапсырмаларын ескере отырып, алдағы жазғы маусымға курорттық аймақтарды даярлауға баса назар аударылды.

«Туризмді дамыту – бұл тек қана экономикалық үлес емес, сонымен қатар Қазақстанның халықаралық имиджін нығайтудың, инвестициялық тартымдылығын арттырудың және өңірлерді дамытудың маңызды факторы. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін заманауи инфрақұрылым салумен қатар, әлемдік озық тәжірибелерге сәйкес келетін жоғары сервис стандарттарын қалыптастыру қажет»,

– деп атап өтті Премьер-министрдің орынбасары. Үкімет туризмді ұлттық экономиканың негізгі драйверлерінің бірі ретінде қарастырады.

Маңызды шарт ретінде шағын және орта бизнестің белсенді қатысуы, сондай-ақ отандық және шетелдік туристерге қызмет көрсету ісіне халықтың кең ауқымын тарту қажеттілігі аталды.

Жиын қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға курорттық аймақтардың абаттандыру стандарттарын және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, шетелдік қонақтар үшін паспорттық бақылау рәсімдерін жеңілдету, сұранысқа ие әуе бағыттарына халықаралық лоукостерлерді тарту, сондай-ақ туристік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған бірқатар басқа да шаралар жүзеге асыру тапсырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жолдау #туризм #үкімет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі қаланың шағын өнеркәсіптік парктерінің жұмысын бағамдады

Бүгін 12:29

Алматы облысындағы перзентханада үшем шетінеп кетті

Бүгін 10:44

Өз қаражатына балалар алаңын салған кәсіпкер 2 миллионнан аса теңге төлеуге міндеттелді

Бүгін 10:17

Алматының тау шаңғысы инфрақұрылымы бес есе кеңейеді

Бүгін 09:51

Алматы-Қаскелең жолы 8 жолаққа дейін кеңейтілмек

Бүгін 09:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);