AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Үкіметте өрт қауіпті кезеңге дайындық мәселесі қар...

Үкіметте өрт қауіпті кезеңге дайындық мәселесі қаралды

Әлеумет 14.05.2024, 11:37 669 dulatbekova
Үкіметте өрт қауіпті кезеңге дайындық мәселесі қаралды
Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігі

Бүгін Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Үкіметтің өрт қауіпті кезеңге дайындық мәселесі жөніндегі отырысында сөз сөйледі.

ТЖ министрі хабарлағандай, Төтенше жағдайлар министрлігі өрт қауіпті кезеңде халықтың және ел аумағының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар қабылдауда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР ТЖМ-ге сілтеме жасап. 

Болжам бойынша, жаз ыстық болады, табиғи өрттердің болу қаупі жоғары. Қазірдің өзінде, елімізде 27 орман өрті және 122 дала жануы тіркелді. Олардың көпшілігі министрлік күштерінің қатысуымен, оның ішінде авиация тарту арқылы жойылды.

Өңірлерде өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық іс-шаралар жалғасуда. Орманды дала алқаптары мен демалыс орындарында мобильді топтар рейдтер жүргізіп, нәтижесінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 630 адамға айыппұл салынды. Сонымен қатар, шаруа қожалықтарын аралау жұмыстары жүргізілуде.

Табиғи өрттерге ден қою алгоритмін практикалық пысықтау үшін өткен жылы «Ормандала-2023» оқу-жаттығуы өткізілді. Биыл 15-16 мамырда еліміздің барлық өңірлерінде «Өрт-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізіледі. Оқу-жаттығуды үйлестіру жөніндегі республикалық штаб Абай облысының «Семей Орманы МОТР» РММ Бородулиха филиалының аумағында орналасқан.  Оқу-жаттығу шеңберінде екі күн ішінде барлық өңірлерде профилактикалық іс-шаралар кешені, сондай-ақ азаматтық қорғау қызметтерімен және құралымдарымен практикалық іс-қимылдар жүргізіледі.

Барлық өңірлерде орман шаруашылығы мекемелерімен 53 өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Министрліктің оқу орталықтарында орман күзетінің 1 300 жұмысшысы оқыды.

Әр өңірде ірі өрттермен күресу үшін жалпы саны республика бойынша шамамен 50 мың адам және 10 мыңнан астам техникадан тұратын күштер мен құралдар топтамасы дайындалды. Қазавиақұтқару авиациясының 19 борты тұрақты дайындық режимінде тұр, оның 9-ы су төгетін құрылғылармен жабдықталған. Аэровизуалды барлау үшін 120 ұшқышсыз ұшу аппараты бар.

ТЖ министрлігі азаматтық қорғау қызметтерімен бірлесіп елдегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдайтын болады.

«Қазіргі таңда елімізде болып жатқан су тасқыны ТЖМ-ның кез-келген қауіп-қатерлерге дайын екендігін көрсетіп жатыр. Дәл осы режимде өрт қауіпті кезеңде барлық қажетті іс-шаралар ұйымдастырылатын болады», - деп ТЖМ басшысы ақпараттандырды. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#үкімет #өрт қауіпті кезең #дайындық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада V Еуразия экономикалық форум басталды

Бүгін 19:58

Қазақстан мен Ресей басшыларына «Астана – Мәскеу» жүргізушісіз жүк көлігі автобағытының іске қосылуы көрсетілді

Бүгін 19:21

Қазақстан мен Ресей президенттеріне Амур жолбарыстарын жерсіндіру жобасы таныстырылды

Бүгін 19:15

Қазақстан мен Ресей президенттері Астанадағы «Сириус» мектебінің құрылысын бастап берді

Бүгін 19:06

Президенттер Қазақстан мен Ресейдің мәңгі достығы аллеясында емен көшетін екті

Бүгін 19:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);