Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Үкіметте жылыту маусымының өзекті мәселелері қарал...

Үкіметте жылыту маусымының өзекті мәселелері қаралды

Әлеумет 12.12.2023, 11:00 1,113
Үкіметте жылыту маусымының өзекті мәселелері қаралды
Сурет: интернеттен

Елімізде күн күрт суытып кетті.


Смайылов әкімдерге өтірік ақпарат пен фейктерге тосқауыл қоюды тапсырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



“Жалпы елімізде күн күрт суытып кетті. Осыған байланысты коммуналдық жүйелерге түсетін жүктеме де арта түседі. Мұндай кезде жылу және энергия объектілерінде штаттан тыс жағдайлар орын алатыны мәлім. Технологиялық ақауларға байланысты инциденттер болып жатыр. Бірақ, жылу беру толықтай тоқтап қалған жоқ”, - дейді премьер-министр.



Үкімет басшысының айтуынша, бұзылған учаскелерді нормативтік мерзімде қалпына келтіру бойынша шұғыл шаралар қабылданған. Премьер-министр әкімдіктерге тіршілікті қамтамасыз ететін барлық жүйелердің жұмысын ерекше бақылауда ұстауы қажеттігін ескертті.



“Авариялар болған жағдайда барынша шұғыл әрекет етіп, тиісті шаралар қабылдау керек. Халыққа нақты жағдай туралы, жөндеу жұмыстары мен жоспарлы жұмыстар туралы дер кезінде, объективті әрі түсінікті ақпарат беру – маңызды мәселе. Әйтпесе, өтірік ақпарат пен фейк тарап кетеді”, - дейді ол.



Әлихан Смайылов  бірқатар мәселеге назар аударды.



“Біріншіден, энергетика, өнеркәсіп министрліктері, өңір әкімдіктері мен энергия объектілерінің иелері барлық жылу жүйелерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуі тиіс. Екіншіден, «Қазақстан темір жолы» және «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниялары бірінші кезекте жылу станциялары мен қазандықтарға отынның уақтылы жеткізілуін қамтамасыз етуі қажет. Үшіншіден, өңір әкімдіктері жылу объектілерінің иелерімен бірге тұрақты жұмыс істейтін жөндеу бригадаларының болуын, шұғыл жөндеу жұмыстары қажет болған жағдайда қосалқы бөлшектердің әзір тұруын қамтамасыз етуі керек”, - дейді ол.



Сөз соңында Смайылов жылыту маусымының тұрақты өтуі әрбір өңір әкімінің жеке бақылауында болуы керектігін ескертті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#күн #суық #жылу #смайылов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика