Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Үкімет басшысы Алматыдағы мектеп автобустарының қа...

Үкімет басшысы Алматыдағы мектеп автобустарының қауіпсіздігін тексерді

Білім және ғылым 10.03.2023, 15:18 1,274
Үкімет басшысы Алматыдағы мектеп автобустарының қауіпсіздігін тексерді
Сурет: Kolesa.kz

ҚР Премьер-Министрі Алматыдағы Hyundai Trans Almaty зауытында болды.


Әлихан Смайылов мектеп көлігінің сенімділігі мен қауіпсіздігін өзі тексерді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Алматы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова Үкімет басшысына биыл 7700 балаға арналған "Мектеп автобусы" пилот жобасы іске қосылғанын айтты.


Автобус бағыттары мүмкіндігінше көп оқушыны мектепке дейін тасымалдау үшін жасалған.



"Балаларды түсіру және келу-кету уақытын көрсететін арнайы аялдамалар бар. Аялдамаларда бейнебақылау камералары орнатылған. Әр бағытта тұратын мұғалімдер жолсерік ретінде балаларды демеп жібереді", - деді Әсем Нүсіпова.



- Қалалық ұтқырлық басқармасы 30 мектеп автобусын наурыз айында, ал қалған 70 автобусты мамыр айында жеткізуді жоспарлап отыр, - деді ол. Бұл мақсаттарға барлығы 5,2 млрд теңге бөлінді.


Hyundai Trans Almaty директоры Әділбек Гаев автобустар күшейтілген қауіпсіздік жүйесі бар техникалық регламенттердің барлық стандартына сәйкес келетінін, соның арқасында көлік 60 км/сағ жылдамдықпен жүрмейтінін айтты.


Айта кету керек, зауыт 2011 жылдан бері автобус, реанимобиль, борттық жүк көлігі, изотермиялық және дайын тауар фургоны, рефрижератор, өрт сөндіру машинасы, қоқыс таситын, су таситын көліктер, эвакуаторлар және басқа да жолаушы, жүк, шағын, орта көліктерге арналған арнайы техникалар шығарады.


Зауыт 2022 жылдың желтоқсан айынан бастап мектеп автобустарын құрастыра бастады. Бүгінде сегізге жуық Golden Dragon автобусы шығарылды.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектеп #автобус #смайылов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласы мәслихатының депутаты ерекше қажеттіліктері бар жандарға қолдау көрсететін қорға көмек көрсетті

Бүгін 11:58

Бас прокуратура қазақстандықтарды Наурызға қатысты провокациялық мәлімдемелерден сақ болуға шақырды

Бүгін 11:53

Ертең салық есептілігін тапсыру мерзімі аяқталады

Бүгін 11:40

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ - ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІҢ ӨРНЕГІ

Бүгін 11:26

Алматыда салмағы 1159 грамм, бойы 35 сантиметр болып туған нәресте аман-есен шығарылды

Бүгін 11:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика