AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Үй артында кісі бар...

Үй артында кісі бар...

Заң мен тəртіп 12.05.2025, 11:34 747 yakiya
Үй артында кісі бар...
Сурет: Gov.kz

Мемлекеттік қызметшілер бұрынғы лауазымда теріс қылық жасағаны үшін жазаланатын болады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz

Құжат нормативтік құқықтық актілердің ресми сайтында жарияланды. Өзгерістер саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге қатысты. Енді олар бұрын атқарған лауазымдарында жасаған тәртіп бұзушылықтары үшін де жауапкершілікке тартылуы мүмкін, тіпті қазіргі уақытта басқа қызметте болса да.

Егер алдыңғы мемлекеттік лауазым мемлекеттік саяси лауазым болып табылса, онда тәртіптік жауаптылық мәселесін қарауды мемлекеттік қызметші тәртіптік теріс қылық жасаған кезде лауазымды атқарған мемлекеттік орган осы Қағидалардың мемлекеттік саяси қызметшілерге қатысты тиісті ережелерін қолдана отырып жүзеге асырады.

Қызметтік тергеу: мерзім және рәсімдер

Жаңа өзгерістер тәртіпбұзушылық деректері бойынша қызметтік тергеу тағайындау тәртібін реттейді. Енді бұрын қызмет атқарған мемлекеттік орган үш жұмыс күні ішінде қазіргі жұмыс орнын тексерудің басталғаны жөнінде хабардар етуі тиіс.

Материалдарды қарау бұрынғы жұмыс орны бойынша комиссияда өтеді, ал тәртіптік жаза қолдану туралы шешім бес жұмыс күні ішінде жаңа жұмыс орнына жіберіледі.

Жаңа редакцияға сәйкес, егер саяси немесе әкімшілік мемлекеттік қызметшінің өкілеттігі тоқтаған сәтте тәртіптік жаза алынбаған болса, ол қызметтен босатылған күннен бастап автоматты түрде алынған деп есептеледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қызмет #мемлекет #лауазым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);