Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / ҮЕҰ өкілдері тренингтерге қатысты

ҮЕҰ өкілдері тренингтерге қатысты

Әлеумет 04.09.2024, 14:10 1,719
ҮЕҰ өкілдері тренингтерге қатысты
aqshamnews.kz

Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен «ҮЕҰ Академиясы» жобасы аясында Алматыда «Ақпараттық ресурстық орталық» қоғамдық қорының базасында ҮЕҰ белсенді өкілдеріне арналған «жоғары» деңгейдегі қосымша курс өтті. Бұл курс жетекші қазақстандық және шетелдік сарапшылардың шеберлік сабақтарын қамтыды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Жеті күн бойы Қазақстанның 100-ден астам коммерциялық емес ұйымдарының өкілдері тренингтерге қатысты. Қатысушылар арасында аймақтық гранттық байқаулардың жеңімпаздары мен алғашқы жобалық өтінімдерін әзірлеуге дайындалып жатқан жаңа ҮЕҰ-дар болды.

Қорытынды шеберлік сабақтарын шетелдік тренерлер өткізді: Лола Абдусалямова – ұйымдастырушылық және институционалдық даму жөніндегі кеңесші, Еуразия қоры, Орталық Азиядағы азаматтық қоғамды қолдау жөніндегі USAID бағдарламасының өкілі, және Дамира Тоқтасынова – сарапшы, ЮНФПА тренері. Олар қатысушыларға әлеуметтік дизайн бойынша әдістемелік ұсыныстар берді. ҮЕҰ өкілдері жобалық өтінімдерді бағалау, әлеуметтік жобаларды әзірлеу мен жүзеге асыру туралы онлайн және офлайн режимінде кеңестер алып, сұрақтарына жауап алды.

«Әлеуметтік дизайн нені қамтиды?» деген сұраққа Шымкент ресурстық орталығының жетекшісі, қазақстандық тренер Сара Имбарова жауап берді:

-Қоғамның қатысуы! Әлеуметтік дизайн жергілікті тұрғындарды жобаларды әзірлеу мен жүзеге асыруға тартуды қамтиды. Бұл азаматтық белсенділікті арттырып, қоғамның бірлігіне ықпал етеді.

«ҮЕҰ Академиясы» жобасы қоғам белсенділеріне кедейлік, жұмыссыздық, білім мен денсаулық сақтау салаларындағы мәселелерді анықтап, шешуге көмектесетін жаңа білім береді. Сонымен қатар, жобалар ұзақ мерзімді, тұрақты шешімдер ұсынуы тиіс.

Курс соңында «ҮЕҰ Академиясы» жобасының жетекші үйлестірушісі Светлана Пак тренингке қатысушыларға алдағы жарыстарда сәттілік тілеп, белсенді қатысушыларды сертификаттармен марапаттады. Ол ҮЕҰ-ларға арналған бұл білім беру курсының маңыздылығын атап өтіп, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығына» ҮЕҰ-ларға өз әлеуетін нығайтуға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ҮЕҰ Академиясы #шеберлік сабақтары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Авторлық киноның жеңісі: «Әбіл» – әлемдік сахнада

Бүгін 12:17

Алматы вейптердің заңсыз айналымын бақылауды күшейтті

Бүгін 12:02

Оразаң қабыл болсын, Қасеке!

Бүгін 11:48

Шымкентте фармацевтикалық өндіріс кеңейеді: 39,5 млрд теңге жеке инвестиция тартылды

Бүгін 11:38

2025 жылы 300 мыңнан астам жас алматылық қалалық жобаларға тартылды

Бүгін 11:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі