AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Уақытты кері қайтаруға 40 күн керек

Уақытты кері қайтаруға 40 күн керек

Әлеумет 14.06.2024, 09:02 832
Уақытты кері қайтаруға 40 күн керек
интернет

"Ескі уақытты" қайтару мақсатындағы петиция 50 мың қол жинады.

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің айтуынша, бұрынғы уақыт белдеуін қайтаруға қатысты шешім 40 күн ішінде қабылданады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Вице-премьердің айтуынша, "Уақытты кері қайтару" петициясы 50 мыңнан астам қол жинағандықтан, енді үкімет оны қарауға міндетті.

"Біз петиция авторын, белсенді сарапшыларды, ғалымдарды және мемлекеттік органдарды тарта отырып, бұл петицияны қараймыз. Бізде 40 күн уақыт бар. Таяу уақытта жауап береміз", - деді Серік Жұманғарин.

Қазақстанның кейбір тұрғындары (негізінен солтүстік өңірлерде) сағат белдеуін ауыстырғаннан кейін өзін жайсыз сезініп жүргенін айтып жатыр. Олардың сөзінше, таңғы сағат 4-те жарық түсіп, кешке тез қараңғы болады.

Олар жаңа +5 UTC орнына, бұрынғы +6 UTC уақыт белдеуіне оралу туралы петицияны іске қосты. Петиция қажетті 50 мың дауысты жинады.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 1 наурызына қараған түні өңірлер бірыңғай уақыт белдеуіне көшкен болатын. Бұған дейін елде екі уақыт белдеуі болды - UTC+5 және UTC+6.

Бұған дейін Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова бірыңғай уақыт белдеуінің енгізілуі қазақстандықтардың денсаулығына әсер етпегенін мәлімдеген болатын. Жаңа уақыт белдеуіне көшуді ғалымдар құптаған. Ал жаңашылдықтың басты нәтижесі – қазақстандықтар бір сағатқа ұзағырақ ұйықтай бастапты.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Уақыт #белдеу #петиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

Бүгін 19:45

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

Бүгін 19:15

Мемлекет басшысы АӨСШК VII саммитінде сөз сөйледі

Бүгін 18:03

Алматыда жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары күшейтіліп жатыр

Бүгін 16:54

Алматыда инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері талқыланды

Бүгін 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);