Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сайлау-2023 / Тығыз салынатын құрылысқа қарсы

Тығыз салынатын құрылысқа қарсы

Сайлау-2023 08.11.2022, 10:25 1,156
Тығыз салынатын құрылысқа қарсы
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Президенттікке үміткер Нұрлан Әуесбаев тығыз салынған құрылысқа қарсы пікір білдірді.


Ол бұл мәселе тек елорда және Алматы қаласымен шектелмейтіндігін атап өтті. Бүгінгі күні бұл Қазақстанның барлық дерлік қалаларына таныс жағдай. Нұрлан Әуесбаевтың пікірінше, тығыз құрылыс қала қасіретіне айналуда. Одан бөлек тойымсыз құрылыс салушыларға ең жақсы жер телімдерінің берілетіні тағы бар. Оған қоса әкімдіктер игеруге бас жоспар бойынша мектеп, балабақша мен ауруханалар салынуы тиіс жерлерді беруде. Нәтижесінде тұрғындар әлеуметтік инфрақұрылымның жоқтығынан зардап шегеді.


Нұрлан Әуесбаев қоғам алдында тұрған тағы бір мәселе – сыбайлас жемқорлық. Құрылыс салушылар өз мүдделерін ғана ойлап, пара беру арқылы ең жақсы жер телімдерін иеленуге ұмтылады деп есептейді.  


Үміткердің пікірінше, жағдайды барлық деңгейдегі әкімдерді тікелей сайлауды енгізу арқылы ғана өзгертуге болады.


– Қала басшылары халық алдындағы жауапкершіліктерін сезінбейінше, парақорлықты жеңу мүмкін емес, – дейді ол.


Осы уақытта Алматыда белсенділер «Салауатты өмір салты мен табиғаттың сақталуы үшін!» Нұрлан Әуесбаевты қолдап, таза ауада жаттығулар ұйымдастырды.


Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауы 20 қарашада өтеді. Егер басқа өңірде тіркелген адам 20 қарашада Алматыда болса және осында дауыс бергісі келсе, онда ол заңға сәйкес өзінің тіркелген жері бойынша сырттай куәлікті алып, сайлау күні осы құжатпен кез келген сайлау учаскесіне келуге тиіс екенін білу маңызды. Сондай-ақ есептен шығару куәлігі басқа сайлау округінде немесе бір елдімекен шегінде басқа сайлау учаскеде дауыс беруге қатысқысы келетін сайлаушыларға берілмейді. Яғни, алматылықтар өздері бекітілген учаскелерде ғана дауыс беруі тиіс.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сайлау #кандидат #президент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Ұлттық ұлан әскери қызметшілері сенбілікке белсене қатысты

Бүгін 18:49

Қала тазалығы – ортақ жауапкершілік: Алматыда мәдениет саласының өкілдері сенбілікке белсенді қатысты

Бүгін 16:55

Алматылықтар «Желтоқсан» саябағында сенбілікке қатысты

Бүгін 14:45

Болашақтың саясында өткен мереке: Алматыда «Тамырлас» жобасы басталды

Бүгін 14:19

ІІМ басшысы Сәденов Алматыдағы жол апатына қатысты бірқатар мәлімдеме жасады

Бүгін 14:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика