«Тұрмыс»: қалалық ПД жедел-профилактикалық іс-шара өткізеді

«Тұрмыс»: қалалық ПД жедел-профилактикалық іс-шара өткізеді ПД

2026 жылдың 20–29 қаңтар аралығында Алматы қаласы аумағында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесуге бағытталған «Тұрмыс» атты қалалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрмыстық қылмыстар деңгейін төмендету, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу. Жедел-профилактикалық іс-шара аясында полиция қызметкерлері профилактикалық есепте тұрған тұлғаларды тексеру, қолайсыз отбасыларды аралау, сондай-ақ халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу сияқты кешенді профилактикалық шараларды жүзеге асырады.

Алматы қаласы полиция Департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Қантарбаева Жадра Джелеуовна атап өткендей: «„Тұрмыс“ атты жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу, ең алдымен, отбасылық-тұрмыстық жанжалдардың ауыр салдарының алдын алуға бағытталған. Біздің басты міндетіміз – проблемалық жағдайларды дер кезінде анықтау, жәбірленушілерге көмек көрсету және тұрмыстық салада құқыққа қарсы әрекеттерге жол беретін тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қабылдау».

Іс-шара барысында профилактика органдарымен, әлеуметтік қорғау және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылға, сондай-ақ азаматтардың хабарламаларына жедел ден қоюға ерекше назар аударылады. Құқық қорғау органдары өңір тұрғындарын бейжай қарамауға және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері немесе оның жасалу қаупі туралы полиция органдарына уақтылы хабарлауға шақырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:33

09:14

09:03

08:46

08:36

20:53

20:17

17:50

17:32

17:01

16:56

16:52

16:48

16:43

16:40

14:42

14:34

14:29

14:19

14:11

14:00

12:43

12:27

12:08

11:51