AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Түрмедегілердің дәстүрлі байқауы өтті

Түрмедегілердің дәстүрлі байқауы өтті

Заң мен тəртіп 22.10.2021, 09:13 1,262
Түрмедегілердің дәстүрлі байқауы өтті
Сурет: Polisia.kz

«Үміт-2021» конкурсының мақсаты – сотталғандарды табиғаттың кереметін сезіне алуға, сұлулыққа деген құштарлығын арттыруға тәрбиелеу.


Алматыда сотталғандар арасында «Үміт-2021» байқауы өтті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде жылдағы дәстүр бойынша сотталғандардың өнерін сынға салатын «Үміт» конкурс-байқауы өтті. Сотталғандар бұл байқауда екі номинация бойынша, атап айтқанда, қолөнер бұйымдарын жасау және сурет өнері бойынша сайысқа түсті.


Бұл конкурс сотталғандар арасында да небір шеберлер мен суретшілер бар екенін анықтады. Атап айтқанда, қолөнер бұйымдары бойынша ЛА-155/6 мекемесінде жазасын өтеп жатқан А. атты жасөспірімнің қолынан шыққан судың екпінімен қозғалысқа түсетін «Экскаватор» әділқазылар алқасының әділ бағасына ие болып, бірінші орынды иеленді. Шприц пен суды, гуашты қолданған шебердің өнері оның болашағынан зор үміт күттіретін мамандық иесі болатынына деген сенімді күшейтті.



Сурет өнері бойынша жүлделі орынға ЛА-155/18 мекемесінен сотталған С.-ның салған «Гармония» атты картинасы ие болды. Бұл көрмеге сотталған С.-ның бұдан басқа да «Менің жаным», «Менің арманым алыс» атты суреттері де қойылды.



 «Сотталғандар арасында өткен «Үміт-2021» конкурсының мақсаты сотталғандарды табиғаттың кереметін сезіне алуға, өнердің тылсымын түсінуге, олардың эстетикалық түсінігін қалыптастырып, айналасындағы сұлулыққа деген құштарлығын арттыруға тәрбиелеу болып табылады. Конкурс жеңімпаздарына белгіленген ақшалай сыйлық олардың жеке шоттарына аударылатын болады», – деді әділқазылар алқасына төрелік еткен Алматы қаласы бойынша ҚАЖД бастығы Д. Қанатбеков.



Сонымен қатар жеңімпаз сотталғандар департамент басшылығы тарапынан Мақтау грамоталарына ие болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сотталған #байқау #үміт #өнер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда «Biken Fest» IV халықаралық театр фестивалі өтеді

Бүгін 19:09

«Ән іздеген Асанқайғы»

Бүгін 19:08

Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Бүгін 17:28

Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Бүгін 15:51

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Бүгін 15:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);