Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Көрме / ТҮРКСОЙ: Алматы музейлері түркі әлемінде үздік деп...

ТҮРКСОЙ: Алматы музейлері түркі әлемінде үздік деп танылды

Көрме 15.08.2024, 12:08 1,535
ТҮРКСОЙ: Алматы музейлері түркі әлемінде үздік деп танылды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Қазақстан музейлері арасында түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы ТҮРКСОЙ үздіктерді анықтады. Алматы қаласы музейлер бірлестігі «Best Museum of the Turkic World» жоғары марапатқа ие болды. Бұған музейтанушылардың елімізбен бірге шетелде ұлттық құндылықтар мен тарихи-мәдени мұраны насихаттау жөніндегі орасан зор жұмыстардың арқасында қол жетіп отыр. Бұл сертификатты ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев табыстады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

 

«Алматы музейлері соңғы екі жылдың өзінде үлкен жұмыс атқарғанын көріп отырмыз. Түркі елдерінің ғана емес, Еуропа мен Азияның тұрғындары қазір Алматы қаласы ұйымдастырған бірегей көрмелерді көре алады. Мысалы, Стамбул, Сеул, Прага, Неаполь, Вена және әлемнің басқа қалаларында Қазақстан көшпенділері туралы көшпелі көрмелер өткізілді. Өнер мен тарихқа әуестенушілер сіздер ұсынған жәдігерлер мен артефактілерге таң қалысты. Осылайша, сіздер қазақ мәдениетін шетелде белсенді түрде насихаттап, еліңізге туристерді тартасыз және түркі әлеміндегі музейді зерттеу саласындағы қызметті дамытып келесіздер. Қала билігі сала өкілдеріне бұрын-соңды болмаған қолдау көрсетіп жатқанын көріп отырмыз», - деді Сұлтан Раев марапаттау барысында.

Айта кетейік, Алматы қаласы музейлер бірлестігінің құрамына халық Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі, Ахмет Байтұрсынұлының музей үйі, С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешені, Н. Тілендиевтің мемориалдық музейі, мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы, Д.А.Қонаев музейі, Райымбек батыр музей кешені, сондай-ақ Алматы қаласының тарихының музейі кіреді. Мектеп жасындағы балаларға музейге кіру тегін. Мұндай шешімді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қабылдаған.

Сонымен қатар, Алматы музейтанушылары әкімдіктің қолдауымен Парижде (Лувр), Сеулде, Стамбулда, Неапольде, Венада, Самарқандта, Бакуде, Ашхабадта және Прагада тағылымдамадан және оқудан өтті. 7 халықаралық көрме ұйымдастырып, серіктестік туралы 15 халықаралық меморандумға қол қойды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #музей #Түркі елдері
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Қорғастағы" 2 жылға созылған заңсыз есептеулер: прокуратура 19 инвесторды қорғап, бизнеске қаржысын қайтарды 

Бүгін 12:05

Қазақстандық семсерлесушілер Италиядағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 11:41

Алматыда 17 мың кәсіпкердің құқығы қорғалып, бизнеске қысым азайды

Бүгін 11:22

Алматыда Мемлекеттік басқару академиясына қабылдау басталды

Бүгін 11:00

Қазақ қыздарының сәулесі - тұмарымен айбынды

Бүгін 10:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика