Алматы әкімі Түрксіб ауданындағы ескі тұрғын үйлерді жаңарту бағдарламасы бойынша үйлердің құрылыс барысымен танысты
Жұмыс сапары аясында қала әкімі Ерболат Досаев ескі тұрғын үйлерді жаңарту бағдарламасы бойынша тұрғын үйлерді салу және тұрғындарды көшіру барысымен танысты.
Инвестициялық жоба шарты мен Алматы қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі қаулысы негізінде Түрксіб ауданында Сейфуллин, Кассин, Котельников, Ақан сері көшелерінің аумағындағы «Qazaq Stroy» құрылыс салушысы 8 көппәтерлі тұрғын үйді салып жатыр.
- 2022 жылы осы аумақта бірінші кезек бойынша 119 пәтерге арналған 6 қабатты екі үй салынып, пайдалануға берілді, оған жақын маңдағы ескі үйлердің тұрғындары көшірілді.
- Екінші кезекті тұрғын салу үшін екі қабатты 12 ескі үй бұзылды. Олардың орнында биыл маусым айында 429 пәтерге арналған 6 көппәтерлі үйдің құрылысы аяқталады, оның 130-ы – ескі тұрғын үй тұрғындарына арналған.
- Үшінші кезекті үй салуды бастау үшін 160 пәтерден тұратын 18 ескі үйдің тұрғындарын екінші кезектегі үйлерге көшіру қажет. Алайда 34 меншік иесі көшуге әлі келіскен жоқ, 126-сы айырбауға келісті.
Пәтер иелерінің көпшілігі тозығы жеткен үйдегі жағдайдың жоқтығын айтып, оларды тездетіп көшіруді сұрайды. Олардың айтуынша, тұрғын үйді жөндеуге келіспейтін меншік иелері өз пәтерін жалға береді, сондықтан тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүдделі емес. Өз кезегінде қала әкімі тұрғындарға меншік иелерінің 100% келісімінсіз инвестор қоныс аударуды бастай алмайтынын түсіндірді. Мұның шешімі ретінде Ерболат Досаев өзі құрған қоныс аудару қорын тартуды ұсынды. Ескі тұрғын үйді қалдыруға келіскен азаматтар қордың пәтерлеріне біртіндеп қоныстана бастайды.
«Біз күрделі құрылыс кәсіпорны арқылы тозығы жеткен үйлерді босатуды бастаймыз. Сіздердің жағдай жасалған жаңа тұрғын үйге көшкеніңізді қалаймын, өйткені мен осындай пәтерлерге барған кезде әкім ретінде жүрегім ауырады», - деді қала басшысы.
Тұрғындар әкімге тұрғындар көшкісі келмейтін монша, бау-бақша, бассейн, гаражы бар көптеген заңсыз ғимараты бар ескі үйлер туралы айтып берді. Мегаполис басшысы қала құрылысын бақылау басқармасына өз бетінше салынған ғимараттардың заңдылығын тексеруді тапсырды. Сонымен қатар, кездесуде тұрғындар көтерген барлық мәселе заң аясында шешілетінін жеткізді.
Ескі тұрғын үйді жаңасына ауыстырған қала тұрғындары қала әкіміне алғыс білдірді.
«Ескі үйлер қорқынышты, өмір сүруге келмейтіндей жағдайда еді. Қазір бізде жаңа, таза пәтерлер бар. Мен бұл үйге екі жыл бұрын қоныстандым, біз өте қуаныштымыз», - деді жаңа ғимараттың тұрғыны.
Ерболат Досаев аудан әкімдігіне жаңа үйлердің аумағын абаттандыру мен көгалдандыруды бақылауды, сондай-ақ тұрақ орындарын қарастыруды жүктеді.
Мегаполис басшысы жайлы қалалық орта құру – әкімдік жұмысының басты бағыттарының бірі, ал ескі тұрғын үй мәселесі Түрксіб ауданындағы ең өзекті мәселенің бірі болып қала беретінін атады.
Айта кетейік, Түрксіб ауданында көппәтерлі тұрғын үй қорында 1247 үйді бар, жөндеуді қажет ететін ескі үйлердің саны 586.