ffin.kz

Түрксіб ауданында «Сейфуллин» саябағы жөнделіп, балаларға арналған ШСН-дар орнатылып, ағаштар отырғызылды

Түрксіб ауданында «Сейфуллин» саябағы жөнделіп, балаларға арналған ШСН-дар орнатылып, ағаштар отырғызылды Cурет: Ашық дереккөз

Бүгінде барлық саябақтар мен 8 сквер жөнделген


Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров «Бюджетке қатысу» жобасы аясында жыл соңына дейін жергілікті тұрғындардың 32 ұсынысы іске асырылатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ақжаровтың айтуынша, олардың қатарында спорт, балалар ойын алаңдарын салу, аумақты көгалдандыру, қоғамдық пайдалану орындарын жөндеу және жарықтандыру, қатқыл тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін тереңдетілген контейнерлік алаңдарды орнату бар. Бұл өзгерістер Түрксіб ауданының барлық аумағында жүзеге асады деп болжануда.


Әкімдіктің мәліметінше, ауданда үш саябақ пен 12 сквер орналасқан, бүгінде барлық саябақтар мен 8 сквер жөнделген. Мысалы, биылғы жылы «Сейфуллин» саябағының ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды, онда балаларға арналған ШСН-дар мен баскетбол алаңы бар, сыртқы жарықтандыру желілері ауыстырылды. Өткен жылы Сауранбаев көшесіндегі жаяу жүргіншілер аймағы күрделі жөндеуден өтті.



«Алтай-1 шағын ауданында тұрғындардың бос уақытын өткізулері үшін ойын және спорт алаңдары, сыртқы жарықтандыру желілері, шағын сәулет нысандары, аумақты көгалдандыру бар жаяу жүргіншілер аймағы абаттандырылады. Сондай-ақ, Майлин көшесіндегі скверді бөлу бойынша жұмыстар жүргізілуде және Молдағалиев көшесі мен Чехов көшесінің жаяу жүргіншілер аймағын күрделі жөндеу бойынша 2022 жылға арналған жоба әзірленуде», - деп толықтырды Бақытжан Ақжаров.



Бүгін «Тексай-Жарбұлақ» саябағы мен Маяк тоғайын абаттандыру және көгалдандыру жалғасуда. Екі скверді – «Балалар шығармашылық үйі» және «Әуежай скверін» жөндеу бойынша  жоба әзірленді.


Көгалдандыру мәселесі аудан үшін өзекті болып қалуда. Бүгінде ауданның жасыл қоры қалалық қордың 20%-ын құрайды. Ауданда 424 мың жасыл желек бар.


Биыл 50 ағашты санитарлық кесу, 4 100 ағашты формалық кесу, 500 түп көшет отырғызу аяқталды. 13 208 ағашты санитарлық кесу жалғасуда.



«Биыл аудан тұрғындарымен бірге көктемгі және күзгі кезеңде 2 189 көшет отырғызылды. Соңғы екі жылда барлығы 74 мың ағаш отырғызылды», - деді Бақытжан Ақжаров.



2021 жылы ауданда 9,9 мың ш.м. гүл отырғызылды, 2022 жылы 11 мың ш.м. гүл отырғызу жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

22:19

17:59

17:15

16:21

15:20

14:16

13:16

12:18

11:44

11:38

11:31

11:30

11:27

11:12

11:11

11:04

10:15

09:45

05:01

18:15

17:25

16:23

15:19

14:54

14:35