AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Түркістанға ИСЕСКО-ның мәдени астанасы бола ма?

Түркістанға ИСЕСКО-ның мәдени астанасы бола ма?

Мәдениет 23.04.2026, 18:33 493
Түркістанға ИСЕСКО-ның мәдени астанасы бола ма?

Өңірлік экологиялық саммит–2026 аясында мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ИСЕСКО-ның Бас директоры Салим бен Мұхаммед әл-Мәлікпен кездесу өткізді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен алдағы даму перспективаларын талқылады. Аида Балаева Қазақстан үшін мәдени мұраны сақтау мен оны халықаралық деңгейде дәріптеуге бағытталған бағдарламалар мен бастамаларға қатысудың айрықша маңызға ие екенін атап өтті.

"Сіздің Қазақстан қалаларының біріне ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесін беру жөніндегі бастамаңыз Мемлекет басшысының қолдауына ие болды. Осыған байланысты Түркістан қаласын 2027 жылы ИСЕСКО-ның мәдени астанасы мәртебесіне ұсынуға дайын екенімізді растаймыз", – деді Аида Балаева.

Сондай-ақ, тараптар Түркістанның әлеуетін тек түркі дүниесінің рухани астанасы ретінде ғана емес, туристік және мәдени мүмкіндігі жоғары шаһар ретінде жан-жақты ашуға бағытталған, ұсынымдар мен алдағы іс-қимыл тетіктерін қамтитын бірлескен ынтымақтастық жоспарын әзірлеу мәселесіне ерекше назар аударды.

Қазақстанның мәдени мұрасын ИСЕСКО аясында халықаралық деңгейде ілгерілетуді күшейту мақсатында Аида Балаева түркі-ислам ою-өрнегі мен қолданбалы өнер фестивалін өткізуді ұсынды. Бұл бастама аясында қазақ ою-өрнегі, кілем тоқу өнері және зергерлік кәсіп бойынша көрмелер мен шеберлік сабақтарын ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Түркістан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда заңсыз салынған «Жетісу-Семиречье» базарын бұзу жұмыстары басталды

Бүгін 09:35

Ұлттық ұлан офицерлері алматылық оқушыларға ерлік сабағын өткізді

Кеше 19:10

Мемлекет басшысы СNMC компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Вэнь Ганды қабылдады

Кеше 18:15

Қазақстанның жасанды интеллектіні дамыту саласындағы тәжірибесі ТүркПА-да таныстырылды

Кеше 18:07

Мәслихат депутаттарының сайлауы бойынша сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру туралы ақпараттық хабарлама

Кеше 18:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);