AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / "Бір жерің түсіп қала ма?" Түркістандағы жатақхана...

"Бір жерің түсіп қала ма?" Түркістандағы жатақханада қыздар ұлдардың бөлмесі мен әжетханасын тазалауға мәжбүр болған

Оқиға 23.02.2026, 15:34 474
"Бір жерің түсіп қала ма?" Түркістандағы жатақханада қыздар ұлдардың бөлмесі мен әжетханасын тазалауға мәжбүр болған
Видео кадры

Түркістандағы жатақханада қыздар ұлдардың бөлмесі мен әжетханасын тазалауға мәжбүр болған. Білім басқармасы оқиғаға пікір білдірді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Оқиға Түркістандағы көпбейінді индустриялық-техникалық колледжде болған.

Студент қыздар жатақханадағы ұлдардың бөлмесі мен әжетханасын тазалауға мәжбүр болған. Видео әлеуметтік желіде тарады.

Жатақханадағы әкімші қызметкерлер "тексеріс келеді" деген жалаумен қыздарға ұлдардың бөлмесін тазалап беруін сұраған. Олар қарсылық білдірген. Алайда әкімшідік "тәртіпке бағынбағандарды" жатақханадан шығарамыз деп қорқытқан.

"Ертең бізге жатақхананың ашылуына комиссия келеді. Балалардың жатуына рұқсат беру мәселесі бойынша тексеріс болады. Соған дайындалып жатырмыз. Ал сен бәрін дүрліктіріп, шу шығарасың. Бір бөлмені тазаласаң, бір жерің түсіп қала ма? Сен қыз емессің бе? " – дейді видеодағы қызметкер әйел.

Түркістан облысының білім басқармасы оқиғаның көпсалалы индустриалды-техникалық колледжде болғанын растады. Басқарма жағдайды бірден бақылауға алып, арнайы комиссия құрып, тиісті зерделеу жұмыстарын жүргізгенін айтты.

2026 жылғы 23-25 ақпан күндері өтетін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы облыстық (аймақтық) спартакиадаға қатысатын студенттерді жатақханаға орналастыру мақсатында колледж тәрбиешісі мен вахтер қызметкерлері жатақхана студенттеріне ауызша түрде ұсыныс жасаған", – делінген хабарламада. 

Қазір студенттермен және олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқаны айтылды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Құрал Сейітханұлы (@kuralsin_)

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Түркістан облысы #жатақхана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);