AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Түркістан облысында 100-ге жуық адам фастфудтан ул...

Түркістан облысында 100-ге жуық адам фастфудтан уланған

Оқиға 29.06.2023, 10:57 1,518
Түркістан облысында 100-ге жуық адам фастфудтан уланған
Сурет: Ulysmedia.kz

Кентау қаласында орналасқан "Ризық-Рауаны" фаст-фуд орталығында тамақтан уланғандар саны 92-ге жетті.


Бұл туралы Түркістан облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысының орынбасары Асқар Искаков мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 




Аталған тамақтану орнында жаппай улану жағдайы осымен 3-ші рет тіркеліп отыр. 


Қоғамдық тамақтану орнының иесі күдікті ретінде танылып, оның іс әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы бар деп танылған. Дегенмен, жәбірленушілермен татуласуына байланысты, қылмыстық іс тоқтатылғандығы жөнінде Кентау қалалық полиция бөлімі қаулы шығарған.



«Нысан қызметкерлері алдын ала профилактикалық медициналық тексеруден толық өтпеген. Жұмыс жасайтын 20 қызметкердің тек 12-де ғана медициналық кітапшалары бар. Шикізат пен өнімнің қауіпсіздігін куәландыратын құжаттары толық емес, өнімдерді сақтау кезінде олардың тауарлық көршілестігі сақталмаған, яғни ет өнімдері, құс еті өнімдері, сүт өнімдері, көкөністер мен жемістер, барлығы бір тоңазытқышта араласа сақталған. Қызметкерлердің жеке және арнайы киімдерін, жеке заттарын сақтауға арналған орын қарастырылмаған. Жұмыртқаны сақтауға, жуып өңдеуге арналған арнайы ыдыс бөлінбеген, өнімдердің жарамдылық мерзімдері өткен. Зертханалық зерттеуге алынған сынамалар жұмыс үстінде», делінген Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Фастфуд #улану #оқиға
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);