AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Түркияда Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды

Түркияда Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды

Саясат 03.03.2022, 14:48 2,436
Түркияда Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Сурет: Egemen.kz

Қазақстанның Құрметті консулдығы Түркияның шығысындағы Ахлат қаласында ашылды


Құрметті консулдықтың ашылуына Битлис провинциясының губернаторы, депутаттар, қала мен аудан мэрлері, провинцияның алдыңғы қатарлы өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Өкілдіктің тұсаукесер салтанатында Елші Абзал Сапарбекұлы бүгінгі ерекше іс-шара бауырлас елдер Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың мерейлі 30 жылдығы қарсаңында өтіп жатқанын атап өтті.


Сондай-ақ стратегиялық әрі сенімді нысанда қалыптасқан екіжақты ынтымақтастыққа назар аударды.


Осы ретте тарихи маңызы бар Ахлат қаласында Құрметті консулдықтың ашылуы екі елдің рухани-мәдени, экономикалық қарым-қатынастарының дамуына оң септігін тигізетініне сенім білдірді.


Битлис провинциясының губернаторы Октай Чагатай өз сөзінде іс-шараның ерекшелігін, яғни Қазақстанның Құрметті консулдығы осы аймақта тұңғыш шетелдік өкілдік болып саналатынын жеткізіп, бұл қадам Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға үлес қосатынын айтты.


Құрметті консул Муаз Ергезен екі елдің президенттерінің құптауымен жоғары лауазымға лайық деп танығандығы үшін шексіз ризашылығын білдіріп, екіжақты байланыстардың дамуына өз үлесін қосатынын атап өтті.


Айта кетейік, Түркияда Қазақстанның сегіз Құрметті консулдығы бар. Олардың округтары ретінде Аланья, Конья, Мерсин, Бурса, Коджаели, Хатай, Денизли және Битлис провинциялары деп белгіленген. Алдағы уақытта Хатай, Конья және Денизлиде ҚР Құрметті консулдықтары ашылатыны жоспарланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Құрметті консулдық #Ынтымақтастық #іс-шара
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Алматы» ӘКК мен «Қазақмыс корпорациясы» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Бүгін 19:19

Алматыда Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай гастрономиялық жәрмеңке ұйымдастырылды

Бүгін 18:18

Эндокринолог денсаулыққа зиян тіскебасар түрін атады

Бүгін 17:27

Мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Бүгін 16:25

Қонақжайлықтың жарқын көрінісі: Алматы әуежайында Бірлік күніне арналған акция өтті

Бүгін 15:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика