AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы құшағында / Туризмге инвестиция: Алматыда жаңа қонақ үйлер көп...

Туризмге инвестиция: Алматыда жаңа қонақ үйлер көптеп салынып жатыр

Алматы құшағында 21.04.2026, 11:59 521
Туризмге инвестиция: Алматыда жаңа қонақ үйлер көптеп салынып жатыр
Алматы әкімдігі

Алматы өңірдегі негізгі туристік орталықтардың бірі ретінде позициясын нығайтып келеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қалада қонақ үй инфрақұрылымы қарқынды дамып, инвесторлардың бұл салаға деген қызығушылығы тұрақты түрде артып отыр.

2025 жылы жеке инвестиция есебінен 48 туристік нысан пайдалануға берілді. Олардың қатарында қонақ үйлер мен хостелдерден бастап глэмпингтер мен демалыс базалары бар. Жалпы нөмірлік қор 941 бөлме болып, туристерді орналастыру мүмкіндігін кеңейтіп, инфрақұрылымның қолжетімділігін арттырды.

Саланы дамыту жұмыстары 2026 жылы да жалғасады. Жаңа нысандардың бірі қайта жаңғыртудан кейін ашылған Zumma Hotel. Қонақ үйде 77 бөлме, сондай-ақ конференц-зал мен мейрамхана қарастырылған. Бұл қаладағы сапалы орналастыру сегментін одан әрі нығайтады.

Сонымен қатар болашаққа бағытталған ірі жобалар да жүзеге асуда. Бүгінде Алматыда жалпы сыйымдылығы 7 763 бөлме болатын 70 қонақ үй құрылысы жобасы іске асырылып жатыр. Оларды 2028 жылға дейін кезең-кезеңімен пайдалануға беру нөмірлік қорды ұлғайтып, қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Халықаралық брендтердің келуі нарыққа қосымша серпін бермек. Алдағы жылдары Hilton Hotels & Resorts, Sheraton Hotels and Resorts, Radisson Hotel Group және Marriott International басқаруындағы қонақ үйлер ашылмақ.

Туристер санының жыл сайын артуы мен инвестицияның өсуі аясында Алматы саяхат пен іскерлік сапарлар үшін заманауи әрі жайлы қала ретіндегі мәртебесін нығайтып келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#турист
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық ұлан офицерлері алматылық оқушыларға ерлік сабағын өткізді

Кеше 19:10

Мемлекет басшысы СNMC компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Вэнь Ганды қабылдады

Кеше 18:15

Қазақстанның жасанды интеллектіні дамыту саласындағы тәжірибесі ТүркПА-да таныстырылды

Кеше 18:07

Мәслихат депутаттарының сайлауы бойынша сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру туралы ақпараттық хабарлама

Кеше 18:00

Мемлекет басшысы телекөпір режимінде Ақтоғай мыс балқыту зауытының құрылысын бастау рәсіміне қатысты

Кеше 18:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);